САЯСАТ
1 ... минут оқылды
НАТО: Анкара саммиті одақтастардың міндеттемелерін орындауына назар аударады
Бас хатшы Рютте Швецияда өтетін НАТО Сыртқы істер министрлерінің кездесуі қарсаңында Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде баспасөз мәслихатын өткізді.
НАТО: Анкара саммиті одақтастардың міндеттемелерін орындауына назар аударады
НАТО: Анкара саммиті одақтастардың міндеттемелерін орындауына назар аударады

НАТО Бас хатшысы Марк Рютте 7-8 шілде күндері өтетін Анкара саммиті одақтастардың өз міндеттемелерін орындауына баса назар аударатынын мәлімдеді.

Қазіргі қауіпсіздік ортасының әлдеқайда қатерлі екенін айтқан Рютте осы себепті НАТО одақтастарының қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында бірлесе әрекет етуі өміршең маңызға ие екенін тілге тиек етті.

Рютте Ресейдің Еуропа мен Атлантика қауіпсіздігіне төнетін «ең үлкен қатер» болуын жалғастырып отырғанын айтып, одақтастардың сонымен бірге кибершабуылдар мен диверсия сияқты қауіп-қатерлерге де ұшырап жатқанын жеткізді.

Швециядағы кездесуде одақтастардың басты күн тәртібі Украина мен Таяу Шығыс болатынына нұсқаған Марк Рютте Ормуз бұғазы мәселесінде одақтастардың нақты қадамға көшкеніне назар аударды.

Рютте Ормуз бұғазының жабылуы кеме қатынасының еркіндігі мен жаһандық саудаға жасалған тікелей шабуыл екенін, қазірдің өзінде көптеген елдің еркін кеме қатынасын кепілдендіруге бағытталған жоспарлар төңірегінде тоғысқанын мәлімдеді.

Негізгі мәселе нәтижелі іс-әрекетте екенін баса айтқан НАТО Бас хатшысы Рютте бұл жағдайға НАТО-ның тікелей араласуына қатысты кейбір бейресми талқылаудың жүріп жатқанын және ахуалдың құбылмалы екенін білдірді.

Одақтастардың Гаага саммитінде қорғаныс шығындары бойынша тарихи шешім қабылдағанын еске салған Рютте: «Сол себепті де Анкара саммиті одақтастардың уәделерін орындауына назар аударады. Мәселе енді бұдан да көп жұмыс істеуіміз керек пе? дегенде емес. Негізгі сауал — одақтастар өз міндеттемелерін қаншалықты жылдам әскери әлеуетке (мүмкіндіктерге) айналдыра алатындығында», — деген пайым жасады.

Іздеу
Жаңа ғаламшар табылды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Израиль Газада әскери дайындықты күшейтті
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады