САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп АҚШ-тың халықаралық ұйымдардан шығуын көздейтін жарлыққа қол қойды
Ақ Үйдің хабарлауынша, Дональд Трамп қол қойған жарлыққа сәйкес, АҚШ 66 ұйымнан шығатын болады, олардың ішінде  БҰҰ-дан тыс 35 ұйым және  БҰҰ-ға қарасты 31 ұйым бар.
Трамп АҚШ-тың халықаралық ұйымдардан шығуын көздейтін жарлыққа қол қойды
Трамп АҚШ-тың халықаралық ұйымдардан шығуын көздейтін жарлыққа қол қойды / Reuters

Ақ Үй АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдарын қоса алғанда, ондаған халықаралық ұйымнан шығуын көздейтін меморандумға қол қойғанын мәлімдеді.

Ақ Үй сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде «Бүгін президент Дональд Трамп АҚШ-тың бұдан былай Америка мүддесіне қызмет етпейтін 66 халықаралық ұйымнан шығуын көздейтін президенттік жарлыққа қол қойды. Олардың қатарында БҰҰ-дан тыс 35 және  БҰҰ-ға қарасты 31 ұйым бар», - делінген.

Ақ Үй ұйымдардың тізімін жарияламады, алайда олардың АҚШ-тың егемендігі мен экономикалық қуатына қайшы келетін радикалды климаттық саясатты, жаһандық басқару үлгілерін және идеологиялық бағдарламаларды қолдайтынын атап өтті.

Мәлімдемеде бұл қадам АҚШ мүшесі саналатын барлық халықаралық үкіметаралық ұйым, конвенция мен келісімді кешенді түрде қайта қараудың нәтижесінде басылғаны атап көрсетілді.

Ақ Үйдің мәлімдеуінше, бұл ұйымдардан шығу АҚШ-та салық төлеушілердің қаражатын Американың басымдықтарын екінші орынға ысырып, маңызды мәселелерді тиімсіз, әрі нәтижесіз түрде қарастыратын ұйымдарға көмекті тоқтатады. Осылайша АҚШ салық төлеушілердің қаражатын орынды қолданатын болады.

Екінші президенттік мерзімін бір жыл бұрын бастаған Трамп АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымына бөлетін қаржысын қысқартуға, АҚШ-тың БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесімен өзара іс-қимылын тоқтатуға, палестиналықтарға көмек көрсететін «UNRWA» ұйымына бөлінетін қаржыны қысқартуға және БҰҰ-ның мәдениет жөніндегі агенттігі «UNESCO»-дан шығуға ұмтылды.

Сондай-ақ АҚШ президенті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан және Климат жөніндегі Париж келісімінен шығу жоспарларын да жариялады.

Іздеу
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Зеленский: «АҚШ Ресей мен Украина арасындағы соғысты бәсеңдетуге күш салып жатыр»
Араб коалициясы хоуситтердің шабуылдарына қарсы шара қабылдайтынын айтты
Катар АҚШ-Иран дағдарысын аймақтық диалог арқылы "біртіндеп еңсеруді" көздейді
Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан алты адам жараланды
Фолькер Тюрк жаһандық дағдарыстарға байланысты үндеу жасады
Ресей: «Германия Бонндағы Бас консулдығымызды негізсіз сылтаумен жапты»
Ресей мен Украина келіссөздері қайта жандануы мүмкін
БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінде Газа мәселесіне баса назар аударылды
Иран Ормуз бұғазы маңында тыйым салынған аймақ жарияламақ