ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Мозамбикте 300 000 адам қоныс аударды
БҰҰ Босқын істері жөніндегі Жоғары комиссариаты шабуылдардың бұрын қауіпсіз саналған аймақтарға да таралып, гуманитарлық көмек көрсетуді қиындатып, әйелдер мен балалар үшін қауіп-қатерді күшейткенін мәлімдеді.
Мозамбикте 300 000 адам қоныс аударды
БҰҰ әйелдер, балалар және қарттар үшін қауіптің аса жоғары екенін ескертті.. / Others

БҰҰ Мозамбиктің солтүстігіндегі зорлық-зомбылықтан қашқан бейбіт тұрғындардың санына қатысты «аса алаңдаушылық» білдіріп, соңғы айларда шамамен 300 000 адамның үйін тастап кетуге мәжбүр болғанын хабарлады.

“ACLED” жаһандық қақтығыс мониторинг тобының хабарлауынша, Кабо Делгадо провинциясындағы көтеріліс 6 200-ден астам адамның өліміне әкелді. Зорлық-зомбылық көрші Нампула провинциясына да жайылды.

БҰҰ Босқындар агенттігі сейсенбі күні соңғы екі аптада шамамен 100 000 адамның аймақтан қашуға мәжбүр болғанын хабарлады.

Агенттік өкілі Хавиер Крич соңғы үш айда «кемінде 287 000» адамның қоныс аударуға мәжбүр болғанын айтты.

Женевада журналистерге берген сұхбатында Крич бұл көрсеткіштің тек ресми тіркелген адамдарды қамтитынын және «өте көп» жағдайдың тіркеусіз қалғанын атап өтті. «Шілдеден бері кемінде 300 000 адамның қоныс аударғаны туралы айтуға болады деп ойлаймын», -деді ол.

«Шабуылдардың күшеюі»

Агенттік содан бері «ауылдарға жасалған шабуылдардың күшейгенін және қақтығыстың бұрын қауіпсіз болған аймақтарға жылдам таралғанын» байқағанын, бұл гуманитарлық көмек көрсетуді одан әрі қиындатқанын мәлімдеді.

UNHCR мәлімдемесінде: «Гуманитарлық ұйымдар қосымша қолдау мен ресурстарсыз көмек көрсетуді жалғастыра алмайды», - деп «жедел халықаралық қолдау» қажеттігіне назар аударды.

2017 жылынан бері Мозамбикте 1,3 миллионнан астам адам қоныс аударған.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді