ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Аргентинада президентке қарсы наразылықтар жаңа қарқын алуда
Аргентина Президенті Хавьер Милей әпкесі Карина Милейге қатысты сыбайлас жемқорлық айыптауларын наразылықпен қабылдаған демонстранттардың шабуылынан аман құтылды.
Аргентинада президентке қарсы наразылықтар жаңа қарқын алуда
/ AP

Буэнос-Айрес маңында сайлауалды науқан жүргізіп жүрген Милейге жиналғандар тас жаудыру арқылы қарсылық танытты. Қазанда өтетін аралық сайлау алдында үгіт-насихат шараларын өткізіп жүрген оңшыл либертарист көшбасшыны күзетшілері жедел түрде оқиға орнынан алып кетті. Президенттің жарақат алмағанын оның кеңсесінің баспасөз хатшысы Мануэль Адорни “Х” әлеуметтік желісінде хабарлады.

Оқиға Буэнос-Айрестен шамамен 20 шақырым оңтүстіктегі Ломас-де-Самора қаласында болды. Милей сол жерде жүк көлігінен жақтастарына сәлем берген. Дәл сол сәтте наразылар көлікке тас, бөтелке және өсімдік лақтыра бастады.

Президентті және оның бас кеңесшісі қызметін атқаратын әпкесі Карина Милейді алып келе жатқан кортеж аймақтан тез арада шығарылды. Кейінірек президенттің жақтастары мен қарсыластарының арасында қақтығыс туындап, куәгерлердің айтуынша, бір әйел жақтас қабырғасынан жараланған.

Карина Милей күн тәртібінде

Бұл толқулар Милейдің мүгедектерге арналған мемлекеттік агенттіктің бұрынғы басшысы Диего Спаньоло тарапынан жарияланған аудиожазбаларынан кейін наразылық күшейіп, бұл толқулар болды. Спаньоло сол жазбаларда Карина Милейді мүгедектерге бөлінген қаржыны жымқырды деп айыптаған.

Наразылық басталмай тұрып Ломас-де-Самора қаласында сөз сөйлеген Президент Милей бұл айыптауларды жоққа шығарды. Ол журналистерге: «Спаньолоның айтқандарының бәрі жалған. Біз оны сотқа береміз және оның өтірік айтқанын дәлелдейміз», – деді.

Жанжал бірнеше күннен бері Аргентина БАҚ-тарының басты тақырыбына айналды. Ол 2023 жылдың желтоқсанында қызметке кіріскен Милейдің елдің дағдарысқа ұшыраған экономикасын қалпына келтіремін деген уәделері арқасында алған қолдауын алдағы парламент сайлауы алдында әлсіретуі мүмкін.

54 жастағы экономист Милей елдегі шарықтап кеткен инфляцияны төмендету және мемлекеттік шығыстарды, оның ішінде мүгедектерге арналған бағдарламаларды да қоса отырып, қатаң қысқарту арқылы бюджет профицитіне қол жеткізуге талпынысы үшін жақтастарынан оң пікір алып отыр.

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады