ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Пәкістан Ауғанстанға қарсы операция жүргізді
Көрші екі ел арасындағы қақтығыстар ушыққан тұста Пәкістан билігі елдің аумақтық тұтастығына төнген кез келген қауіпке батыл жауап берілетінін мәлімдеді.
Пәкістан Ауғанстанға қарсы операция жүргізді
Пәкістан Ауғанстанға қарсы операция жүргізді / Reuters

Ауған үкіметі өкілінің хабарлауынша, Пәкістан әскері ел астанасы Кабулмен қатар Кандагар мен Пактика уәлаяттарын қоса алғанда Ауғанстанның бірнеше өңіріне әуе операциясын жүргізді.

Ауған тарапы Пәкістан күштері белгілі  аймақтарды нысанаға алғанын және шамамен жергілікті уақыт 02:30 кезінде Кабул қаласының орталығында бірнеше ірі жарылыс болғанын хабарлады. Ауған үкіметінің өкілі шабуыл салдарынан адам шығыны болмағанын айтқанымен, Исламабад әлдеқайда ауыр мәлімет жариялады.

Пәкістан премьер-министрінің баспасөз хатшысы Мошарраф Зайди қарсы операция барысында 133 ауған сарбазы қаза тауып, 200-ден астамы жараланғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Пәкістан күштері Ауғанстанның 27 әскери бекетін, екі корпус штабы мен 80-нен астам танк және броньды техникасын жойған. Пәкістандық қауіпсіздік дереккөздері Кандагардағы соққылар кезінде оқ-дәрі қоймасы мен логистикалық база жарылғанын хабарлады.

Осы уақытта Ауғанстан Қорғаныс министрлігі ауған күштерінің Дюранд сызығы бойындағы Пәкістан позицияларына бағытталған қарымта операциялары түн ортасында аяқталғанын хабарлады.

Бейсенбі күні таңертең төрт сағатқа созылған операция кезінде кемінде сегіз ауған және екі пәкістандық сарбаз қаза тапқан. Бұл шиеленіс Пәкістанның өткен аптада «70 лаңкестің көзін жойдық» деп мәлімдеген әуе соққыларынан кейін өршіді. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы сол операция салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапқанын хабарлаған еді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қақтығыстарға алаңдаушылық білдірді. Өкілі Стефан Дюжаррик Гутерриштің тараптарды халықаралық құқық аясындағы міндеттемелерін сақтауға және дипломатиялық шешім іздеуге шақырғанын айтты.

Пәкістанның қарулы топтар Ауғанстан аумағынан әрекет етеді деген айыптаулары және Кабулдың бұл мәлімдемелерді жоққа шығаруы екі ел арасындағы қатынасты одан әрі шиеленістіріп отыр.

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
Батыс Еуропада «Google»-дың бұлттық қызметінде техникалық ақау тіркелді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді