САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Пекин ЕО-ны Оңтүстік Қытай теңізіндегі дауда шегінуге шақырды
Қытайдың Филиппиндердегі Елшілігі Еуропа Одағының Оңтүстік Қытай теңізіндегі дауларға қатысы да, оған араласуға құқығы да жоқ екенін мәлімдеді.
Пекин ЕО-ны Оңтүстік Қытай теңізіндегі дауда шегінуге шақырды
/ Reuters

Бейсенбі күні жасалған мәлімдемеде Қытайдың Филиппиндердегі Елшілігі ЕО-ны Оңтүстік Қытай теңізінде “жағдайды ушықтыруды” тоқтатуға шақырып, Манила билігіне бұл су жолындағы дауларды шешу үшін сыртқы күштерге арқа сүйеуге “үміт артпауға” кеңес берді.

Бұл мәлімдеме ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кая Калластың Филиппин астанасы Манилаға жасаған сапары және Қытайдың кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен даулы аймақтағы әрекеттеріне алаңдаушылығын білдірген тұста жасалды.

Елшіліктің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде Қытай елшілігінің өкілі: «Еуропа Одағы Оңтүстік Қытай теңізіндегі дау тараптарының бірі емес және Қытай мен Филиппин арасындағы бұл қайшылықтарға араласуға құқығы жоқ», - деді.

Сондай-ақ өкіл ЕО-ны «Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі аумақтық егемендігі мен теңіздік құқықтарын шын мәнінде құрметтеуге және жағдайды ушықтыруды доғаруға» шақырды.

Ал Пекиндегі Филиппин Елшілігі электрондық пошта арқылы жасалған пікір сұранысына жауап бермеді.

Еуропа Одағы мен Филиппин осы аптаның басында Кая Калластың Филиппин Сыртқы істер министрімен кездесуінен кейін жариялаған бірлескен мәлімдемеде Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізінде заңды теңіз навигациясымен айналысатын филиппиндік кемелер мен ұшақтарға қарсы «заңсыз, мәжбүрлеуші, агрессивті және адастырушы әрекеттеріне» қатысты алаңдаушылық білдірді.

Қытай Оңтүстік Қытай теңізінің дерлік барлығына, соның ішінде Бруней, Индонезия, Малайзия, Филиппин және Вьетнамның айрықша экономикалық аймақтарының кейбір бөліктеріне де егемендік құқығын талап етеді.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды