САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Испания премьер-министрі Палестина үшін шақыру тастады
Санчес Палестина президенті Махмуд Аббастың Мадридке сапары кезінде палестиналықтар үшін "шын бейбітшілік" пен әділдікті талап етті.
Испания премьер-министрі Палестина үшін шақыру тастады
Испания премьер-министрі Палестина үшін шақыру тастады / AFP

Испания премьер-министрі Педро Санчес Мадридте Палестина президенті Махмуд Аббаспен кездесуі барысында халықаралық қауымдастықты палестиналықтардың ауыр жағдайын ұмыттырмау үшін “дауысын көтеруге” шақырды.

Адам құқықтары күніне орай Ла Монклоада сөйлеген Санчес бұл кездесудің символдық маңызына тоқталып, адам қадір-қасиетінің “саудаланбайтын, шартсыз және бірегей құндылық” екенін атап өтті. Ол Испанияның екі мемлекет негізіндегі шешімді қолдауды жалғастыратынын айтып, атыстың шынайы түрде тоқтатылуы және бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылдардың аяқталуы қажеттігін жеткізді.

Санчес Газа секторында он үйдің тоғызы жарамсыз күйге түскенін, мыңдаған отбасының жоқ болып кеткенін еске салып, 2025 жылдың палестиналықтар үшін “қорқынышты жыл” болғанын айтты. БҰҰ деректеріне сүйенсек, өңірде 50 миллион тоннадан астам үйінді бар. Испания премьер-министрінің сөзінше, физикалық қалпына келтіру уақыт өте жүзеге асуы мүмкін, алайда ең үлкен міндет — “үмітті қайта қалпына келтіру” және соғыстар арасындағы қысқа үзіліс емес, шынайы тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету.

Шын бейбітшілік әділ болуы керек

Испания премьер-министрі Педро Санчес Газадағы атыстың тоқтауы қарапайым халықтың азабын тоқтатпағанын айтты. «Атыс тоқтады деп жарияланғанымен, газалық палестиналықтар әлі де шабуылға ұшырап жатыр… Шынайы бейбітшілік әділетке негізделуі тиіс. Бұл геноцидке жауаптылар ерте ме, кеш пе міндетті түрде жауап береді», — деді ол. Санчес Испания мен Палестина әрқашан бірге жүретінін атап өтіп, Аббастың сапары халықаралық құқық аясында шешім іздеуге және екі ел арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосады деген үмітін білдірді.

 Палестина президенті Махмуд Аббас Испанияның 2024 жылы Палестина Мемлекетін мойындағаны үшін алғыс білдіріп, Мадридтің Палестинаны халықаралық деңгейде тануды кеңейтуге арналған жетекшілігін жоғары бағалады. Ол Газа мен Батыс Шериядағы зорлық-зомбылықтың тоқтатылуына шақырды. 2023 жылдың қазанынан бері Израиль күштері көпшілігі әйелдер мен балалардан тұратын 70 мыңнан астам адамды өлтірді, ал атыс тоқтағаннан кейін де жүздеген адам қаза тапты.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды