ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Бельгияда жалпы ереуіл
Ереуіл үкіметтің зейнетақы мен еңбек нарығын реформалау жөніндегі ұсыныстарына қарсы биыл өткізілген наразылықтардың соңғысы болды.
Бельгияда жалпы ереуіл
Қызметкерлер Зевентемдегі Брюссель әуежайының бос терминалынан өтуде. / AP
15 Қазан 2025

Бельгияда өткен жалпы ереуіл елдің екі негізгі әуежайындағы рейстердің басым бөлігінің тоқтауына себеп болып, Брюссельдегі қоғамдық көліктерге кедергі келтірді.

Сейсенбі күні өткен ереуіл үкіметтің зейнетақы және еңбек нарығын реформалау туралы ұсыныстарына қарсы биыл ұйымдастырылған наразылықтардың соңғысы болды.

Брюссель халықаралық әуежайынан ұшуы тиіс барлық рейстер мен қонуы жоспарланған рейстердің шамамен жартысы тоқтатылды. Әуежайдың баспасөз хатшысы рентген тексеру қызметін көрсететін қауіпсіздік компаниясының қызметкерлері сейсенбі күні жұмысқа шықпағанын мәлімдеді.

Әуежайдың интернет сайтындағы мәліметке сәйкес, Брюссельден 60 км оңтүстікте орналасқан Шарлеруа әуежайында барлық рейс тоқтатылды.

Мыңдаған адам қала орталығынан өтетін ауқымды шеруге қатысу үшін Брюссельдегі “Gare du Nord” теміржол бекетіне жиналды.

Ереуілдің салдарынан Брюссельдегі метро, автобус және трамвай бағыттарының көбі тоқтап қалды. Қоғамдық көлік операторы “STIB” әлеуметтік желі платформасы “X” арқылы бұл ақпаратты растады.

“Бізге шын мәнінде түрткі болған нәрсе”

Полиция сейсенбі күні таңертең қаланың ірі даңғылдарының кейбірінде от жағылғанын, бұның салдарынан көлік қозғалысының одан әрі қиындағанын хабарлады. Жергілікті БАҚ полицейлердің бірнеше наразылық танытушыны ұстағанын мәлімдеді.

Елдің негізгі кәсіподақтары жетекшілік еткен және “Greenpeace” пен “Oxfam” сияқты белсенді топтар қолдаған ереуілшілер премьер-министр Барт Де Вевер басқаратын федералдық коалициялық үкіметтің мемлекеттік шығындарды қысқартуды көздейтін реформаларына қарсы шықты.

“FGTB” кәсіподағының жетекшісі Тьерри Бодсон сейсенбі күні француз тілінде хабар тарататын мемлекеттік радиостанция “RTBF”-ке берген сұхбатында: «Бізге шын мәнінде түрткі болған нәрсе — зейнетақы»,- деді.

Бодсон реформаның тек болашақ зейнеткерлердің табысын азайтып қана қоймай, мемлекеттік зейнетақы мөлшерін есептеу тәсілін өзгертіп, белгісіздік туғызатынын да атап өтті.

“FGTB” ұйымының интернеттегі ресми дерегіне сәйкес, кәсіподақтың 1,5 миллионнан астам мүшесі бар.

Жаңа Фламанд одағы (N-VA) партиясының мүшесі Де Вевер ақпан айында премьер-министр қызметіне кірісті және қазіргі таңда негізінен оңшыл бағыттағы коалицияны басқарып отыр. Салықты көбейтпей бюджет тапшылығын азайтуға уәде берген Де Вевер келер жылдың бюджетін қалыптастыруда қиындықтарға тап болуда.

Іздеу
Иран байыту бағдарламасына қандай да бір шектеу қойылуын қабылдамады
Солтүстік Корея баллистикалық зымыран сынағын өткізді
БҰҰ Бас хатшысы Израильдің Ливанға шабуылдарын айыптады
Израиль 6 апталық үзілістен кейін Әл-Ақса мешіті мен Қасиетті Қабір шіркеуін қайта ашады
Ливан  бір күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады
«Хезболла» ұйымы Израильдің солтүстігіне зымыран шабуылын жасады
«Қытай, Ресей, Түркия және Пәкістан Таяу Шығыста бейбітшілік үшін күш біріктіре алады»
Трамп Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АҚШ-тың рөліне назар аударды
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды
Тегеранда тұрмыс қиындап барады
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды
МАГАТЭ: “АҚШ пен Израильдің Иран атом электр станциясы маңындағы шабуылдары «тоқтатылуы тиіс”
Еврей қоныстанушылары басып алынған Батыс Шерияда 10 палестиналықты жаралады
Украина шабуылынан кейін Луганскте ондаған кенші үйінді астында қалды
Оңтүстік Корея ұшырылған жеке дрондарға байланысты Солтүстік Кореяға өкініш білдірді
Газадағы христиандар Израильдің бітімді бұзғанына қарамастан Пасха мерекесін тойлауда
Газада бітім күшіне енгеннен бері 716 палестиналық қаза тапқан
АҚШ Иранда құлаған "F-15" ұшағының екінші ұшқышын құтқарды
Ұлыбритания  Кувейтке әуе қорғаныс жүйесін орналастырды