САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Мажарстан премьер-министрі мен Ресей президенті кездеседі
Будапешт Мәскеумен тығыз байланысын сақтап келеді.
Мажарстан премьер-министрі мен Ресей президенті кездеседі
Орбан Украинадағы бейбітшілік бастамаларының да міндетті түрде талқыланатынын хабарлады. / Reuters

Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан жұма күні Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетінін, онда Мажарстан үшін мұнай және табиғи газ жеткізу мәселесін, сондай-ақ Украинадағы бейбітшілікке бағытталған әрекеттерді талқылайтындарын хабарлады.

Кремль де Орбанның жұма күнгі сапарын растады.

Орбан көрші Украинадағы соғысқа қарамастан Мәскеумен тығыз қарым-қатынасын жалғастырып отыр, ал Мажарстан ЕО-ның талпыныстарына қарамастан әлі де Ресей энергиясына айтарлықтай тәуелді.

Орбан Украинадағы бейбітшілік бастамаларының да міндетті түрде талқыланатынын хабарлады.

Вашингтон Ресей мұнайы мен газын қолдануға рұқсат берді

Мажарстан АҚШ-пен ядролық энергетика саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісім бойынша Мажарстан АҚШ-тан ядролық отын мен технология сатып алып, пайдаланылған отынды ресейлік өндірістегі «Пакш-I» атом электр станциясында сақтайды.

Орбан бұған дейін Трамп пен Путин арасындағы Украина жөніндегі «бейбіт саммитін» Будапештте өткізу жоспарын қайта жандандырғысы келетінін айтқан болатын.

НАТО мен ЕО-да көптеген басшының ұстанымына қарамастан Орбан Киевке Батыс тарапынан көрсетілетін әскери көмекті сынға алып, Ресеймен достық қарым-қатынасын жалғастырды.

Мажарстанның Сыртқы істер министрлігі жұма күнгі мәлімдемесінде елдің биыл Ресейден 8,5 млн тонна шикі мұнай және 7 млрд текше метрден астам табиғи газ импорттағанын хабарлады.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды