ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Рим Папасы XIV Лео Сұлтанахмет мешітіне барды
Папа Стамбулда Осман дәуірінен қалған атақты мешітті аралады.
Рим Папасы XIV Лео  Сұлтанахмет мешітіне барды
Рим Папасы XIV Лео Сұлтанахмет мешітіне барды / AA

Ватикан мемлекетінің басшысы Папа XIV Лео Түркияға ресми сапары аясында сенбі күні тарихи Сұлтанахмет мешітіне барды. Папа өз делегациясымен бірге алты мұнаралы алғашқы Осман мешіті ретінде танымал осы мешітті аралады.

Папаға бұл сапарда Түркия Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой, Стамбул мүфтиі Емруллах Тунжел және мешіт қызметкерлері серік болды. Муаззин Ашкын Муса Тунжа Папаға мешіттің сәулеті мен тарихи маңызы жөнінде ақпарат берді.

Папа XIV Лео президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен алғашқы ресми шетелдік сапарымен Түркияға келген болатын. Ол келісімен жаһандық бейбітшіліктің маңыздылығын атап өтіп, бұл сапарының әлем үшін бейбітшіліктің маңыздылығын айқындайтынына үміт білдірген еді.

Папаны Анкарада әуежайында Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой және басқа өкілдер қарсы алды. Папаға серік болған делегация құрамында кардинал Пьетро Паролин және архиепископ Пол Ричард Галлахер сынды Ватикан өкілдері бар.

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады