САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Африка одағы Мадагаскардың мүшелігін тоқтатты
Африка одағы Мадагаскардағы әскери төңкерісті ұйымдастырған Майкл Рандрианирина ел президенті ретінде ант беретінін жариялағаннан бірнеше сағат өткен соң Мадагаскардың мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылдады.
Африка одағы Мадагаскардың мүшелігін тоқтатты
Рандрианирина Жоғарғы конституциялық сот оны бұл қызметке шақырғаннан кейін жақын арада президент ретінде ант беретінін айтты. / Reuters

Африка одағы комиссиясының төрағасы Махамуд Али Юсуф сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде: «Құқық үстемдігі қарулы күштерден жоғары тұруы тиіс,» - деп, ұйымның елді мүшеліктен шеттету туралы шешімі дереу күшіне енгенін хабарлады.

Мадагаскар президенті Андри Раджоэлина бірнеше аптаға созылған үкіметке қарсы «Z ұрпағы» наразылықтарынан кейін өз қауіпсіздігіне алаңдап, елден кетуге мәжбүр болды.

Бұл толқуларға су мен электр энергиясының жиі өшірілуіне наразылық білдірген кейбір әскери топтар да қосылған болатын. Раджоэлинаның бүкіл үкіметті тарату туралы шешімі халық арасындағы отставкаға шақыруды күшейтті.

Эмиграцияда жүрген Раджоэлина ұлттық парламентті жарлықпен таратуға тырысқанымен парламент бұл шешімді мойындамай, сейсенбі күні оны импичментке ұшырату туралы отырыс өткізді.

Бұдан көп ұзамай, полковник Майкл Рандрианирина бастаған таңдаулы CAPSAT әскери бөлімі билікті өз қолына алғанын, бірқатар мемлекеттік мекемені таратқанын және өтпелі үкімет құратынын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Мадагаскарда президенттің отставкасы талап етілуде

Бұдан былай адам шығыны болмауы тиіс

Майкл Рандрианирина сәрсенбі күні журналистерге берген сұхбатында Жоғарғы конституциялық соттың оны бұл қызметке шақырғанын айтып, жақын арада президент ретінде ант беретінін мәлімдеді.

Сол күні Оңтүстік Африка даму қоғамдастығы (SADC) бұрын француз отары болған бұл арал еліндегі шиеленісті азайту мақсатында ақсақалдар кеңесін тағайындады.

Қоғамдастықтың Саясат, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі ынтымақтастық органы төрағасы әрі Малави президенті Питер Мутарика бұл кеңеске бұрынғы Малави президенті Джойс Банда жетекшілік ететінін және оның ел көлемінде сабырлықты, бейбітшілікті және диалогты орнату миссиясын атқаратынын айтты.

Мутарика өз сөзінде: «Малагасий халқының толқулар салдарынан бұдан былай қаза табуына жол берілмеуі керек,» - деді.

Іздеу
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы