САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп: «Путинмен жұмыс істеу оңайырақ»
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаның Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына қайтадан шабуыл жасай бастағанын «ұят әрекет» деп атап, Украина президенті Владимир Зеленскийді қатаң сынға алды.
Трамп: «Путинмен жұмыс істеу оңайырақ»
Трамп: "Путинмен жұмыс істеу оңайырақ"

«Newsmax» телеарнасына берген сұхбатында осы мәселеге қатысты сұраққа жауап берген Трамп жанармай бағасының қымбаттауына назар аударып, «Бұл – ұят! Шабуыл жасауға болатын басқа да нысандар жетерлік», – деді.

Трамп Зеленскийдің әрекеттері әлемдік нарықтағы мұнай бағасының өсуіне себеп болып отырғанын айтып, Украина басшысымен жұмыс істеу Ресей президенті Владимир Путинмен жұмыс істеуге қарағанда әлдеқайда қиын екенін алға тартты.

Сондай-ақ ол Украина президентінің келісімге келуге шын мәнінде ниетті емес екенін, тек келіссөз жүргізуге дайын адамдай көрінуге тырысатынын мәлімдеді.

Бейсенбі күні Зеленский Трамп жариялаған «энергетикалық бітімге» қарамастан, Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына қайтадан шабуыл жасалатынын мәлімдеген болатын. Сонымен қатар ол Трампты соғыста «басқыншы тараптың» жағында болмауға шақырды.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді