ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Қырымда ресейлік әскери ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 29 адамның барлығы қаза тапты
Ресей билігі Қырымда Ан-26 әскери ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін тергеу бастады, шенеуніктер өлімге әкелген оқиғаның техникалық себептерін қарастыруда.
Қырымда ресейлік әскери ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 29 адамның барлығы қаза тапты
Қырымда ресейлік әскери ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 29 адамның барлығы қаза тапты / Reuters

Ресей Қорғаныс министрлігі басып алынған Қырым түбегінде әскери ұшақтың құлағанын және ішіндегі 29 адамның түгелдей опат болғанын жариялады. Министрліктің мәлімдемесіне сәйкес, Ан-26 әскери-көлік ұшағы 23 жолаушы мен алты экипаж мүшесін тасымалдаған.

Министрлік «31 наурызда Мәскеу уақытымен сағат 18:00 шамасында Қырым түбегінің үстінде жоспарлы ұшу кезінде Ан-26 әскери-көлік ұшағымен байланыс үзілді», — деп хабарлады. Іздестіру-құтқару топтары кейінірек апат болған жерді анықтап, оқиғадан аман қалғандардың жоқтығын растады.

Министрлік мән-жайды зерттеу үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберді. «РИА Новости» агенттігі дереккөзге сүйене отырып, ұшақтың жартасты аймаққа құлағанын хабарлады.

Сондай-ақ министрлік әзірге сыртқы әсердің белгілері табылмағанын және алдын ала болжам бойынша апат техникалық ақаудан болуы мүмкін екенін білдірді. Ресей күштері 2014 жылдың ақпанында Қырым түбегін басып алып, Ресей президенті Владимир Путин бір айдан кейін аймақты ресми түрде Ресей Федерациясының екі бөлек федералды субъектісі ретінде бөлген болатын.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді