ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Жеккөрушілік қылмыс: Торонто кітапханасында мұсылман әйелге себепсіз шабуыл жасалды
Күдікті жәбірленушінің орамалын сұйықтыққа малып, өртеп жібермек болған.
Жеккөрушілік қылмыс: Торонто кітапханасында мұсылман әйелге себепсіз шабуыл жасалды
/ AFP
24 Наурыз 2025

Канаданың Торонто қаласындағы кітапханада мұсылман әйелге шабуыл жасалып, орамалын өртеп жібермек болған күдікті ұсталды.

Дарем аймақтық полициясы мәлімдемесінде «Жәбірленуші кітапханада отырған кезде оған белгісіз әйел балағат сөздер айтып, басына түрлі зат лақтырған. Кейін күдікті жәбірленушінің орамалын шешпек болып, үстіне белгісіз сұйықтық құйып, орамалын өртеп жібермек болған», – делінген.

Жәбірленушінің  көмек сұраған жанайқайынан кейін кітапхана күзетшілері араша түскен. Полиция күдіктінің оқиға орнынан қашып кеткенін, бірақ бірнеше сағат ішінде ұсталып, қамауға алынғанын айтты.

Канада мұсылмандарының ұлттық кеңесі (NCCM) оқиғаны «жантүршігерлік» деп мәлімдеді.

«Мұндай зорлық-зомбылықтың біздің қоғамда қалыпты жағдайға айналғаны ұят. Соңғы жылдары исламофобиялық шабуылдар күрт өсті», - деді «NCCM» бас директоры Стивен Браун. «Көшбасшыларымызбен жиналып, бұл мәселені шешетін уақыт келді», - деп қосты ол.

Эйджакс әкімі Шон Коллиер мен кітапхана басқармасының төрағасы Пияли Коррея муниципалитеттің веб-сайтында бірлескен мәлімдеме жариялады.

Мәлімдемеде «Бейбітшілік пен рухани байланыс айы Рамазанда болған жан түршігерлік шабуылдың құрбанына және бұл оқиғадан зардап шеккендерге үндеуіміз бар. Сізді қолдау үшін осындамыз және өшпенділік пен төзімсіздіктің кез келген түріне қарсымыз» делінген.   

Браунның айтуынша «NCCM» полициядан оқиғаны жеккөрушілік қылмыс ретінде қарастыруды сұраған.

 

Іздеу
Түркияның Тәуелсіздік маршы 105 жаста
Ресей Украинаны «террорлық шабуыл» жасады деп айыптады
Мұнай бағасы артты
Кремль: «Ресей, Украина, АҚШ арасындағы келесі келіссөз Стамбулда өтуі мүмкін»
Солтүстік Корея екінші қанатты зымыран сынағын өткізді
Еуроодақ Израильді заңсыз қоныстанушылардың зорлық-зомбылығын тоқтатуға шақырды
Израильдің шабуылынан 16 адам  қаза тауып, 26 адам жараланды
"Украинадағы бейбітшілік келіссөздері Иран соғысына байланысты тоқтап қалмауы керек"
Галатасарай өз алаңында жеңіске жетті
Иран әйелдер футбол құрамасының мүшесі Австралиядан баспана алу шешімінен бас тартты
Исфахан қаласындағы Ресей консулдығы шабуылдардан зардап шекті
Швейцарияның батысындағы автобус өртінде алты адам қаза тапты
Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
Түркия мен Катардың Қорғаныс министрлері Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Түркия әуе кеңістігін қорғау үшін “Patriot” жүйесін дайындауда