ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
Әлем елдері Түркияға көңіл айтты
Әзербайжаннан Түркияға бағыт алған, ішінде 20 әскери қызметкер болған әскери жүк ұшағының апатынан кейін әлемнің түкпір-түкпірінен Түркияға көңіл айту хабарламалары келіп жетті.
Әлем елдері Түркияға көңіл айтты
Әлем елдері Түркияға көңіл айтты / AA

Көптеген ел көшбасшысы Грузияда 20 әскери қызметкер қаза тапқан жүк ұшағының апатынан кейін Түркияға көңіл айтты. Қорғаныс министрлігі сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде ұшақтың Әзербайжаннан Түркияға қайтып келе жатып Грузия аумағында құлағанын хабарлады. Мәлімдемеде «Әзербайжаннан елімізге бағыт алған «C-130» әскери жүк ұшағымыз Грузия–Әзербайжан шекарасында апатқа ұшырады», - делінді.

Әлем көшбасшыларының көңіл айту хабарламалары

АҚШ
АҚШ-тың Сирия жөніндегі арнайы өкілі және Түркиядағы елшісі Том Барак Түрік Қарулы Күштеріне тиесілі ұшақтың апатына байланысты қайғырып, қаза тапқандардың отбасылары мен түрік халқына көңіл айтты. «Америка Құрама Штаттары түрік одақтастарымен ынтымақтастықта»,- деді ол.

Катар
Катар әмірі шейх Тамим бин Хамад әл-Сани Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға жолдаған жеделхатында апаттан қаза тапқандарға байланысты қайғырып, көңіл айтты.

Иордания
Иордания Сыртқы істер министрлігі түрік үкіметі мен халқына көңіл айтып, қайғылы сәтте Түркиямен ынтымақтастықта екенін және марқұмдардың отбасыларына толық қолдау көрсететіндерін атап өтті.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы

СКТР президенті Туфан Ерхүрман апат туралы хабарды үлкен қайғымен қабылдағанын айтып, Түркияға және қаза тапқандардың туыстарына сабыр тіледі. Премьер-министр Үнал Үстел мен Сыртқы істер министрі Тахсин Ертугрулоглу да Түркиямен бірге екендерін атап өтті.

Пәкістан
Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф «X»-тегі жазбасында Түркияның «C-130» ұшағының Грузияда апатқа ұшырауына байланысты терең өкінішін білдірді. «Қымбатты бауырым президент Режеп Тайып Ердоғанға, ұшақтағы барлық әскери қызметкерлердің отбасыларына және түрік бауырларымызға шын жүректен көңіл айтамын. Бұл қиын сәтте бауырларымызбен біргеміз», – деді ол.

Ауғанстан
Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі түрік әскери жүк ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қайғырып, Түркия үкіметіне, халқына және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Қазақстан
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне жолдаған жеделхатында түрік халқына және қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

НАТО
НАТО Бас хатшысы Марк Рютте «X»-тегі хабарламасында: «Бүгін түрік әскери ұшағының қайғылы апатына байланысты одақтасымыз Түркияға және қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамыз» деп жазды. Ол сондай-ақ Түрік Қарулы Күштері мен одақ құрамындағы барлық сарбаздарға ризашылығын білдірді.

Италия
Италия Сыртқы істер министрі Антонио Таяни «X»-тегі жазбасында апатқа байланысты терең өкінішін білдіріп, Түркияға және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Эстония
Эстония Сыртқы істер министрлігі де Түркияға және апатта қаза тапқандардың туыстарына шын жүректен көңіл айтып, осы қиын уақытта Түркиямен бірге екенін жеткізді.

Литва
Литва Сыртқы істер министрлігі түрік әскери ұшағының апатына қайғырып, Түркиямен бірге екенін мәлімдеді.

Румыния
Румыния Сыртқы істер министрлігі де Түркия мен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты және бұл қиын сәтте түрік халқымен бірге екенін атап өтті.

Мальта
Мальта Сыртқы істер министрі Иан Борг та түрік ұшағының апатына байланысты қайғысын білдіріп, Түркия халқымен қайғыны бөлісетінін айтты.

Косово
Косово президенті Вьоса Османи Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға, Түрік Қарулы Күштеріне және Түркия халқына көңіл айтты.

Сонымен қатар Жапония, Франция, Ресей, Нидерланд, Грекия, Германия және Украина сияқты көптеген ел де өздерінің Түркиядағы елшіліктері арқылы Түркияға көңіл айтты.

Іздеу
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір баланы жаралап, тағы бір баланы ұстап алып кетті
АҚШ Иран әуе компанияларына қолдау көрсететін кәсіпорындарға санкция салатынын ескертті
Түркия экспортты арттыру және жаһандық инвестиция тарту үшін ауқымды реформа бастауда
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты
Жевдет Йылмаз: «Түркия инвестициялық ортаны күшейтуде»
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады
Түркия мұсылман қоғамдардың айқындаушы актер болуы керектігін білдірді
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді
Президент Ердоған Трампқа қолдау білдірді
Израиль оппозициясы Нетаньяхуға қарсы бірігуде
Пхеньян мен Мәскеу өзара қорғаныс келісімін растады
Президенттік 7-ші Халықаралық Яхта Жарыстарында Ұлттық Егемендік Кубогы басталды
Қытай Айда екі жаңа минералдың табылғанын хабарлады
Украина дрон өндірісі бойынша жаңа келісім бекітті