САЯСАТ
1 ... минут оқылды
“Солтүстік Корея сүңгуір қайықтар бойынша Ресейден көмек алған”
Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Ан Гю-бэк парламенттің Қорғаныс комитетіндегі тыңдауда Солтүстік Кореяның сүңгуір қайықтарын жасау үшін Ресейден техникалық көмек алғанына қатысты белгілер бар екенін мәлімдеді.
“Солтүстік Корея сүңгуір қайықтар бойынша Ресейден көмек алған”
Солтүстік Корея басшысы ядролық сүңгуір қайық жобаларын тексеру үшін кеме зауыттарына барды [МҰРАҒАТТЫҚ СУРЕТ] / Reuters

Ан Гю-бэк дүйсенбі күні парламенттің Қорғаныс комитетінде сөйлеген сөзінде Солтүстік Кореяның сүңгуір қайықтарын дамыту жұмыстары үшін «әртүрлі технологияларды» алғаны дәлелдейтін деректер бар екенін айтты.

Алайда министр Пхеньянның құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшыра алатын сүңгуір қайық жасау қабілетіне толық қол жеткізді деп айтуға әлі ерте екенін атап өтті.

Солтүстік Корея баллистикалық зымырандарды ұшыра алатын сүңгуір қайықтарды жасау мақсатын жариялап, мұндай зымырандарды су астындағы платформалардан сынақтан өткізген. Алайда Пхеньянның бұл зымырандарды тікелей сүңгуір қайығынан ұшыру технологиясын толық меңгергені анық емес.

Сонымен қатар Пхеньян ядролық энергиямен жұмыс істейтін сүңгуір қайықтарды әзірлеу жұмыстарын да жалғастыруда.

Соңғы екі жылда Солтүстік Корея мен Ресей әскери ынтымақтастықты айтарлықтай күшейтті. Оңтүстік Корея барлау қызметінің бағалауынша, Пхеньян Ресей атынан Украинадағы соғысқа 10 000-нан астам әскер жіберіп, оның есесіне экономикалық және әскери-технологиялық көмек алған.

Іздеу
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Зеленский Ресейді айыптады
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
БҰҰ-ның жаһандық кедейлік индексі алғаш рет өсті: 1,2 миллиард адам - кедей
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді