ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Трамп: “Ресей мен Украина арасындағы бейбіт бастама әлі де мүмкін”
Ресей Украинада шетелдік әскердің бар екенін жоққа шығарып, Киевтің қауіпсіздік кепілдіктері Еуропа үшін қауіп төндіретіні туралы ескертті.
Трамп: “Ресей мен Украина арасындағы бейбіт бастама әлі де мүмкін”
/ AP
4 Қыркүйек 2025

“CBS News”-тің бейсенбі күнгі ақпаратына сәйкес, АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей Президенті Владимир Путин мен Украина Президенті Владимир Зеленский арасындағы бетпе-бет кездесу мүмкіндігіне қатысты белгісіздіктің артуына қарамастан бұл екі ел арасында бейбіт келісім жасау талпынысын жалғастырып жатқанын айтты.

Трамп сәрсенбі күні “CBS News”-ке телефон арқылы берген сұхбатында: «Бұл жағдайды бақылап отырмын, Президент Путин мен Президент Зеленскиймен осы мәселе жөнінде сөйлесіп жатырмын. Бір нәрсе болады, бірақ олар әзірге дайын емес. Дегенмен бір нәрсе болатыны анық. Бұл мәселені шешеміз», – деді.

Трамп сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде тамыз айында Аляскада Путинмен өткен саммитте ілгерілеу болмағаннан кейін алдағы күндері Украинадағы соғыс жөнінде жаңа келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырғанын айтты. Ақ Үй өкілінің хабарлауынша, бейсенбі күні Трамп пен Зеленский арасында телефон әңгімесі өтуі мүмкін.

Ресейдің Қиыр Шығысында өткен экономикалық форумда Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова: «Ресей Украинада қандай да бір түрде немесе қандай да бір форматта қауіпсіздікті бұзатын шетелдік араласуды қабылдамайды», – деді.

Захарованың айтуынша, Ресей алдағы Еуропа кездесулері қарсаңында ұстанымын күшейтіп, Украинадағы шетел армиясын ешқандай форматта қабылдамайтынын мәлімдеді.

Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері

Мәскеу Киевтің еуропалық одақтастарынан қауіпсіздік кепілдіктерін талап етуін сынап, оны аймақтық тұрақтылыққа қауіп ретінде бағалады. Захарова ұсынылған кепілдіктерді «терроризмге арналған трамплин» және «Еуропа құрлығы үшін қауіпті кепілдік» деп атады.

Сәрсенбі күні Путин егер Украина Президенті Мәскеуге келсе, Зеленскиймен кездесуге дайын екенін, бірақ мұндай кездесудің мұқият дайындалып, нақты нәтиже беруі қажет екенін айтты. Ал Украина Сыртқы істер министрлігі келіссөз орны ретінде Мәскеудің ұсынылғанын құптамады.

Трамп “CBS News”-ке берген сұхбатында Ресей мен Украина мәселесі бойынша бейбіт келісімге қол жеткізу үшін талпыныстарын жалғастыратынын айтты.

«Менің ойымша, бәрін реттейміз. Шын айтсам, Ресей мәселесін шешу өзге тақырыптардан жеңілірек болады деп ойладым. Бірақ бұл бұрын ойлағанымнан қиынырақ болып шықты», – деді.

Трамп қаңтар айында қызметке кіріскен кезде Украинадағы қақтығысты тез арада тоқтататынын айтқан еді, алайда қазіргі жағдайдағы ілгерілеудің болмауы оның көңілін түсірді.

Іздеу
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
Түркия мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері Ирандағы соғысты талқылады
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды
Стамбулдағы Израиль консулдығы маңында болған қарулы қақтығыста үш террорист залалсыздандырылды
"Пәкістанның Таяу Шығыстағы бейбітшілік келіссөзіндегі рөлі "маңызды" кезеңге жақындап келеді"
Франция Иранның инфрақұрылымына жасалатын шабуылдар туралы АҚШ-қа ескерту жасады
«Израиль Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған барлық әрекеттерге кедергі келтіруде»
АҚШ сенаторлары: “Трамптың Иранға бағытталған қоқан-лоққылары соғыс қылмысына тең”
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды