ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
Түркия Қаратеңіз үшін жаңа қауіпсіздік келісімін ұсынды
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қаратеңіздегі түрік кемелеріне әсер еткен шабуылдардың көбеюіне байлан келісім жасасуға шақырды.
Түркия Қаратеңіз үшін жаңа қауіпсіздік келісімін ұсынды
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан / Anadolu Agency

Түркия соңғы кезеңде түрік кемелеріне жасалған шабуылдардың көбеюі аймақтық сауданың қауіпсіздігіне және соғыстың өңірге таралу қаупіне қатысты алаңдаушылықты күшейткеннен кейін Қаратеңіз үшін шектеулі қауіпсіздік келісімін ұсынды.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан сенбі күні егер жан-жақты бітім мен бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкін болмаса, тараптардан екі мәселе бойынша келісімге келуді сұрағандарын мәлімдеді: энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы бермеу және Қаратеңіздегі коммерциялық кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Фидан Түркия мен БҰҰ-ның 2022 жылы араағайындық жасап, Украина астығының қауіпсіз түрде экспорттаған Қаратеңіз астық келісімін еске салып, соғыс жалғасып жатқанына қарамастан бұл келісім барлық кемелерді нысанаға алынудан қорғағанын айтты. Ол сауданы қорғау үшін осындай келісімнің қажет екенін атап өтіп, «Қазір дәл осындай белгілі бір шектеу енгізу қажеттілігі туындап отыр»,- деді.

Фидан бұл мәлімдемесін Қаратеңізде күнбағыс майын тасымалдап бара жатқан түрік кемесіне жасалған Ресей шабуылынан кейін жасады. Бұл шабуыл 11 экипаж мүшесінің өміріне қауіп төндіріп, екі күн ішінде түрік кемесіне жасалған екінші шабуыл болды.

«Аллаға шүкір, бүгінге дейін бірде-бір түрік экипаж мүшесі жарақат алған жоқ», - деген Фидан Түркияның оқиғаларды жіті бақылап отырғанын қоса айтты.

Шабуылдан кейін Украина әскери-теңіз күштері кеме Мысырға бет алған кезде Ресейдің ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданғанын мәлімдеді. Украина президенті Владимир Зеленский бұл шабуылды «Ресейдің бүкіл әлемге қарсылығы» деп бағалап, жауап қайтаруға уәде берді.

Президент Ердоған Қаратеңізде тұрақтылықты сақтауға шақырды

Зеленскийдің мәлімдемесінен бұрын Ердоған Владимир Путинмен бетпе-бет кездесіп, Қаратеңізді текетірес алаңына айналдырмау жөнінде ескерту жасаған болатын.

Президент Ердоған жұма күні: «Қаратеңізді текетірес алаңы ретінде қарастыруға болмайды. Мұндай жағдай Ресей мен Украинаға тек зиян келтіреді, ешқандай пайдасы жоқ. Қаратеңізде кеме қатынасының қауіпсіздігі бәріне қажет», - деген болатын.

Соққы жасалған түрік кемесі ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын қауіпсіз өткізуге арналған астық дәлізін пайдалана отырып, Украинаның айрықша экономикалық аймағында жүзген болатын.

Аталған шиеленіс соғысқа байланысты теңіз шабуылдары күшейген кезеңге тұспа-тұс келіп отыр.

Қауіпті су айдындары

Киев биыл Мәскеудің соғысты қаржыландыру мүмкіндігін әлсірету мақсатында Ресейдің мұнай нысандарына қарсы бірқатар ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы шабуылдар жасады.

Күніне миллиондаған баррель мұнай Ресей порттарынан Түркияның Стамбул және Чанаккале бұғаздары арқылы оңтүстікке, Жерорта теңізіне тасымалданады. Осы үдерісте түрік кемелері шабуыл астында қалып отыр.

Желтоқсан айының басында Анкара алаңдаушылықтарын жеткізу үшін Украина елшісін және Ресейдің уақытша сенімді өкілін Сыртқы істер министрлігіне шақырды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мұндай шабуылдардың алаңдатарлық жағдайда күшейгенінің белгісі екенін және ешбір жағдайда ақтауға болмайтынын мәлімдеді.

Украина шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

2022 жылдың ақпанында Украинаға қарсы ауқымды басқыншылық бастаған Ресей Украинаны қарақшылық әрекеттерге барды деп айыптап, танкерлерге жасалған шабуылдарға жауап ретінде Украинаның теңізге шығу мүмкіндігін шектеумен қорқытты.

Іздеу
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Жеті елдің сыртқы істер министрлері Стамбулда бас қосады
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы арасындағы бірлескен қорғаныс келісімі Мәжілістің бекітуіне ұсын
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді
Түркия Сыртқы істер министрі НАТО Бас хатшысымен кездесті
Министр Фидан Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Ирактағы балаларға көмек көрсетті
Түркия Канадаға көңіл айтты
Түркияның коммерциялық көлік экспорты 5 миллиард доллардан асты