ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Республика күнімен құттықтады
Түркия Ұлттық барлау ұйымының  басшысы Ибрахим Калын 29 қазан Республика күніне орай құттықтау жариялады.
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Республика күнімен құттықтады
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын

Ибрахим Калын өз құттықтауында былай деді: «Республикамыздың құрылғанына 103 жыл толған осынау айтулы күні халқымыздың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлікке толы күресін зор мақтанышпен, шексіз ризашылықпен және терең құрметпен еске аламын. Республикамыз әрдайым тәуелсіздікке деген берік ерік-жігеріміздің көрінісі, бірлік пен ынтымағымыздың символы және ортақ болашағымызға деген сеніміміздің айғағы болып қала береді. Ұлттық барлау ұйымы ретінде біз осы ұстанымды басшылыққа алып, мемлекетіміздің тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау, халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін қорғау жолындағы міндетімізді табандылықпен әрі жауапкершілікпен атқарып келеміз. Біз байсалдылық пен адалдық қағидаттарынан ешқашан айнымаймыз. Осындай маңызды күнде Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікті, оның қарулас серіктерін және Отанымыз үшін жанын қиған барша шейіттерімізді құрметпен еске аламын. Ардагерлерімізге шынайы алғысымды білдіремін. Қадірлі халқымызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республикамыздың мәңгі жасай беруі үшін әрдайым бар күш-жігерімізді жұмсап, жұмыла еңбек етуді жалғастыратынымызды тағы да атап өткім келеді».

Іздеу
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды
Вице-президент  Йылмаз Қытай Мемлекет басшысының орынбасары Хань Чжэнмен кездесті
Президент Ердоған: «Қақтығыстардың күшеюі өңірге тек қосымша шығын әкеледі»
Президент Ердоған Жеңіс күніне орай құттықтау жариялады
Түркия-Ирак ортақ баспасөз мәлімдемесі жарияланды
Түркияның қорғаныс және авиация саласындағы экспорты артуда
Президент Ердоған: «Терроризмнен азат Түркияны бірге құрамыз»
«Италиямен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтамыз»
Емине Ердоған Сеулде Юнус Эмре институтын ашты
Президент Ердоған Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының басшыларымен кездесті
Президент Ердоған: «Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқыладық»
Түркиялық оқушы Эйнштейн олимпиадасында математикадан әлем чемпионы атанды
Президент Ердоған Оңтүстік Кореяда
Президент Ердоған: «Оңтүстік Кореямен маңызды жетістіктерге қол жеткізе аламыз»
Президент Ердоған Сеулге барды
Президент Ердоған: “ХХІ ғасыр түркі әлемінің ғасыры болатынына сенемін”
Түркі әлемінің бірлігі Анкарадағы саммитте жаңа серпін алды
Түркия түркі әлемімен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті
Түркия Республика күнін тойлауда
Президент Ердоған Республика күнімен құттықтады