ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Эфиопияға аттанды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмедтің шақыруымен сейсенбі күні Аддис-Абебаға жасайтын сапары екі ел арасындағы ресми қатынастардың 100 жылдығына орай ұйымдастырылуда.
Президент Ердоған Эфиопияға аттанды
Президент Ердоған Эфиопияға аттанды. / AA

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанның Эфиопияға сапары туралы жергілікті баспасөзде кеңінен ақпарат жарияланды. БАҚ-та жарияланған материалдарда Түркияның Эфиопиядағы елшілігінің ашылғанына 100 жыл толуы атап өтіліп, сапардың дипломатиялық маңызына ерекше назар аударылды.

Мемлекеттік және жекеменшік медиа ұйымдары сапарды оң бағалап, ұзақ жылдарға созылған байланыстарды, экономикалық ынтымақтастықтың артуын және Анкараның өңірдегі дипломатиялық рөлін атап өтті.

Премьер-министр Абий Ахмедтің шақыруымен сейсенбі күні өтетін бұл сапар президент Ердоғанның 10 жылдан кейін Эфиопияға жасайтын алғашқы сапары болмақ.

Мемлекеттік «Fana» хабар тарату корпорациясы бұл сапар екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге көтеретінін мәлімдеді. Сондай-ақ президент Ердоған туралы жарияланған мақалалардың бірінің тақырыбы оны «Жаңа Түркияның сәулетшісі» деп сипаттады.

Жекеменшік «Addis Standard» басылымы да сапар туралы ақпарат таратып, оны Сомали түбегіндегі шиеленістермен және Түркияның өңірдегі дипломатиялық белсенділігімен байланыстырды. Хабарда екі елдің ресми деңгейде алдын ала келісілген бірқатар ынтымақтастық келісіміне қол қоюы мүмкін екені айтылды.

Қазан айында Абий Ахмед негізін қалаған пан-африкалық цифрлық медиа платформасы «Pulse of Africa» жариялаған тағы бір материалда президент Ердоғанның сауда, инфрақұрылым және қауіпсіздік салаларындағы байланыстарды кеңейту мақсатында Аддис-Абебаға сапар жасауы Түркияның Қызыл теңіз бен Африка мүйісіндегі ықпалын күшейтетіні атап өтілді.

Екі ел арасындағы жүз жылдық дипломатиялық қатынастарға арналған іс-шарада сөз сөйлеген Түркияның Эфиопиядағы елшісі Берк Баран Ердоғанның сапары берік байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталғанын айтты.

Баран: «Түркия мен Эфиопия саяси, экономикалық және әлеуметтік байланыстарды қоса алғанда, көптеген салада стратегиялық серіктестікке ие», - деді.

Тұрақты саяси байланыстар мен диалог

Тәуелсіз зерттеуші Эмир Ясин Кекеч Aнадолы агенттігіне берген сұхбатында «Бұл жаһандық белгісіздік жағдайында Түркия мен Эфиопия тұрақты, әрі ашық қарым-қатынас орнатты. Мұны арттыру қажет», - деді.

Сарапшылар ұлттық мүдделер әртүрлі болғанымен екі ел арасындағы қатынастар өзара саяси түсіністік негізінде қалыптасқанын айтады.

Екіжақты қатынастардың жүз жылдығына арналған панельде сөз сөйлеген Түркияның Эфиопиядағы елшісі Берк Баран: «Халықтар арасындағы жүз жылдық дипломатия Түркия мен Эфиопия арасындағы қатынастардың негізгі сипаты болды», - деп президент Ердоғанның сапары екіжақты қатынастардың жаңа деңгейге көтерілгенін көрсететінін жеткізді.

Сарапшылар сондай-ақ екі ел арасындағы серіктестік тек ресми дипломатиямен ғана емес, қоғамдық байланыстар арқылы да жалғасқанын атап өтті.

Эмир Ясин Кекеч: «Көп жағдайда келіссөздер саяси дипломатия төңірегінде өтеді, алайда шынайы көпір ˗ халықтар арасындағы байланыстар», - деді.

Ғалымдар мәдени дипломатияның қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлін де ерекше атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, Ердоғанның бұл сапары жүз жылдық мерейтойдың символдық маңызын ғана емес, дипломатиялық диалогқа және ұзақ жылдар қалыптасқан қоғамдық байланыстарға негізделген қатынастарды нығайтуға деген екі елдің де ұмтылысын көрсетеді.

ҚатыстыTRT Қазақша- Әлем және аймақ жаңалықтары, сарапшылардың көзқарастары мен жан-жақты талдаулар
Іздеу
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Президент Ердоғанның Палестинаға қолдауы жалғасып келеді
Түркия 2027 жылы алғашқы "HÜRSAT"  бақылау спутнигін ұшыруды мақсат етеді
Канада премьер-министрі Түркияға алғаш рет сапарлай келеді
Президент Ердоған Стамбулдың азат етілуінің 103 жылдығын атап өтті
Темекі шегуді ұнатпайтын жалғыз түрік ауылы
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Түркия Израильдің Сирия аумағындағы заңсыз әрекеттерін айыптады
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам
TİKA Эфиопияда киберқылмыспен күрес бойынша оқу бағдарламасын өткізді
Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Гүлер Әзербайжан және Грузиядағы әріптестерімен кездесті
Түркия хоуситтердің шабуылын қатаң айыптады
Президент Ердоған Ұлы Ұлттық Мәжілісінің отырысына қатысты
Рейханлыдағы шабуылға қатысы бар Өмер әл-Хатип ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты мәлімдеме жарияланды