ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Пәкістанның солтүстік-батысында 22 террорист залалсыздандырылды
Шабуылдардың басым бөлігін Техрик-и-Талибан Пәкістан террористік ұйымы мойнына алды.  Соңғы жылдары Ауғанстанмен шекаралас өңірлерде мұндай оқиғалар жиілей түсті.
Пәкістанның солтүстік-батысында 22 террорист залалсыздандырылды
Пәкістанның солтүстік-батысында 22 террорист залалсыздандырылды / AA

Пәкістан армиясы жұма күні жасаған мәлімдемесінде, осы аптада қауіпсіздік күштері елдің солтүстік-батысында болған қақтығыстарда 22 лаңкестің залалсыздандырылғанын, сондай-ақ қақтығыс кезінде бір баланың қаза тапқанын хабарлады.

Әскери баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сейсенбі күні қауіпсіздік күштері мен құқық қорғау органдары бірлескен әскери операция жүргізіп, қақтығыс күшейген. Қақтығыстарда лаңкестер залалсыздандырылған.

Қарулы қақтығыс Ауғанстан шекарасына жақын Хайбер аймағында болған. Осы оқиға кезінде 10 жастағы бала қаза тапты.

Пәкістан 2021 жылы Ауған Талибаны билікке қайта келгеннен бері Ауғанстанды «террористерді паналатты» деп айыптап келеді.  Алайда Кабул бұл айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарды.

Бұл айыптаулар көрші елдер арасындағы қатынасты шиеленістіріп, шекарадағы қақтығыстарға себеп болды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Пәкістан Кабул мен Ауғанстанның шекаралас аймақтарына шабуыл жасады

Пәкістан армиясы биыл бірқатар жанкешті жарылыстан кейін Ауғанстан аумағында Қорғаныс министрі «ашық соғыс» деп атаған шабуылдар толқынын бастады.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді