ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия БҰҰ-да гуманитарлық құқықты қорғауға шақырды
Түркияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Ахмет Йылдыз гуманитарлық құқықты қорғауға шақырды.
Түркия БҰҰ-да гуманитарлық құқықты қорғауға шақырды
Ахмет Йылдыз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде халықаралық құқықтағы қосарланған стандарттарға қарсы ескерту жасады (Сурет: Мұрағат) / AA

Түркияның БҰҰ-дағы өкілі қарулы қақтығыстар кезінде бейбіт тұрғындарды қорғау ортақ жауапкершілік екенін атап өтіп, Газадан Суданға дейінгі барлық дағдарысқа шұғыл назар аударуға шақырды.

Ашық пікірталас отырысында Түркияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Ахмет Йылдыз бұл мәселе халықаралық саясаттың басым бағыттардың бірі болып қалуға тиіс екенін айтты.

Йылдыз: «Қарулы қақтығыстар кезінде бейбіт тұрғындарды қорғау ортақ жауапкершілік және халықаралық қоғамдастық үшін басты басымдық болып қала беруі тиіс», – деді.

Қосарланған стандарттарға қатысты ескерту жасаған Йылдыз: «Халықаралық құқыққа қатысты қосарланған стандартқа негізделген тәсілдер халықаралық құқық жүйесінің сенімділігін әлсіретіп, көпсалалы институттарға деген сенімге нұқсан келтіреді», – деді.

Кипр мәселесіне тоқталған Йылдыз 1963–1964 жылдары Кипр түріктері «саяси шеттетілу, зорлық-зомбылық пен күштеп қоныс аудару кезеңін бастан өткергенін» айтып, кипрлік түріктерге қарсы жасалған қылмыстардың «БҰҰ мұрағаттарында толық құжатталғанын» атап өтті.

Өңірлік дағдарыстарға назар

Таяу Шығысқа тоқталған Йылдыз атысты тоқтату режиміне қарамастан Газадағы гуманитарлық жағдайдың «өте ауыр күйде қалып отырғанын» айтып, екі мемлекет қағидатына негізделген шешімге қарай ілгерілеуге шақырды.

Ливан мәселесі жөнінде Йылдыз Ливанның егемендігін, аумақтық тұтастығын және тұрақтылығын сақтаудың маңызын атап өтіп, Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтату келісімін «маңызды қадам» деп бағалады.

Сирияға қатысты Йылдыз сириялықтардың қауіпсіздікке, қадір-қасиетке және тең азаматтық қағидаттарына негізделген болашақ құру үшін тарихи мүмкіндікке ие екенін айтып, бұрынғы режим кезінде жасалған қылмыстар бойынша жауапкершілікке тарту әрекеттерін құптады.

Африка мәселесіне тоқталған Йылдыз Судандағы гуманитарлық дағдарыстың «апатты деңгейге жеткенін және шұғыл халықаралық араласуды қажет ететінін» айтып, Ливия жетекшілігімен жүріп жатқан саяси диалогты қолдайтынын қайталады.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді