ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Германия Түркияға “Eurofighter” сатылымын мақұлдады
Анкараның көптен бері кейінге шегерілген “Eurofighter” жойғыш ұшақтарын сатып алу бастамасы Берлиннің рұқсат беруімен маңызды кедергіден өтті.
Германия Түркияға “Eurofighter” сатылымын мақұлдады
/ Reuters

Анкараның көптен бері кейінге шегерілген “Eurofighter” жойғыш ұшақтарын сатып алу бастамасы Берлиннің рұқсат беруімен маңызды кедергіден өтті. Осылайша “Eurofighter” ұшағын өндіруші төрт серіктес елдің барлығы сату процесін қолдап отыр.

Германия Түркияға “Eurofighter Typhoon” жойғыш ұшақтарын жеткізуге ұзақ уақыттан бері кешігіп келген келісімге рұқсат беріп, ірі қорғаныс экспорты келісімінің жолындағы маңызды кедергіні алып тастады.

Германия үкіметінің өкілі Штефан Корнелиус сәрсенбі күні Берлинде өткізген баспасөз мәслихатында: «Қорғаныс министрлігі экспортқа рұқсатты қамтитын ресми хатты Түркия үкіметіне жіберді», - деп мәлімдеді.

Бұл рұқсат Түркия Қорғаныс министрі Яшар Гүлер мен Біріккен Корольдіктің Қорғаныс министрі Джон Хили Стамбулда 40 “Eurofighter Typhoon” жойғыш ұшағын сатып алу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғаннан бірнеше сағат өткен соң берілді және Анкараның жоспары үшін маңызды ілгерілеуді білдіреді.

Аталған келісім 17-ші Халықаралық Қорғаныс Өнеркәсібі Көрмесі (IDEF) аясында жасалды және Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі бұл құжатты «екі НАТО одақтасын миллиардтаған долларлық экспорт келісіміне тағы бір қадам жақындатқан маңызды шешім» деп сипаттады.

Стармер келісімді жоғары бағалады

Ұлыбритания премьер-министрі Кеир Стармер бұл қадамды оң бағалады. Стармер: «Келісім өмірлік маңызы бар қорғаныс өнеркәсібімізді күшейтеді, Өзгеріс Жоспарымызды жүзеге асырады және осы белгісіз кезеңде бізді әрі одақтастарымызды қауіпсіз етеді», - деді.

Өзара түсіністік туралы меморандум тек Ұлыбритания, Германия, Италия және Испанияның бірлесіп өндірген заманауи жойғыш ұшақтарының Түркия тарапынан сатып алынуына жол ашып қоймай, сонымен бірге НАТО-ның ұжымдық тежеу саясатын және қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты да нығайтады.

Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Джон Хили болса, бұл сату келісімінің елінде мыңдаған білікті жұмыс орнын сақтап қалатынын және Анкарамен стратегиялық байланыстарды одан әрі күшейтетінін мәлімдеді. Бұл келісім 2017 жылдан бері Ұлыбританияның жасаған алғашқы “Eurofighter” экспорт келісімі болмақ.

Берлиннің қарсылықтары жойылды

Келісімнің жолындағы ең ірі кедергілердің бірі болған Германияның алаңдаушылығы осылайша жойылды. “Eurofighter” жойғыш ұшақтарының өндіруші серіктестері Ұлыбритания, Германия, Италия және Испания сату келісімін толық мақұлдаған соң алдағы апталарда ұшақтарды жеткізу шарттарына қатысты ресми келіссөздер жедел қарқын алады деп күтілуде.

Бұл жаңалық Түркия мен Ұлыбритания арасындағы қорғаныс өнеркәсібі және НАТО аясындағы стратегиялық ынтымақтастықта жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.

Іздеу
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді
Фетхиеде теңізді қорғау науқаны басталады
Президент Ердоған Еуропа чемпионы атанған түрік волейболшыларды құттықтады
Стамбул әуежайы Еуропада көш бастап тұр
Түркия Еуропарламентке наразылық білдірді
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын Афинада грек әріптесімен кездесті
Стамбулда ДАИШ-пен байланысы бар күдікті залалсыздандырылды
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты
Әділет министрі Гүрлек грек әріптесі Флоридиспен кездесті
Президент Ердоған Путинмен кездесті
Түрік қорғаныс өнеркәсібі әлемдік алыптармен бәсекелесуде
Президент Ердоған: «Түркия бейбітшілік пен тұрақтылық үшін күш салады»
СКТР-де аударылған кемеден 20 адамды іздеу жұмыстары жалғасуда
Президент Ердоған ШЫҰ Мемлекет басшыларының саммитінде отбасылық суретке түсу рәсіміне қатысты
Отандық жүрдек пойыз 250 км/сағ жылдамдықпен рекорд жаңартты
Министр Хакан Фидан мен Яшар Гүлер Бішкекке аттанды