ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған: «Балалар соғыстың зардабын шекпеуі тиіс»
Режеп Тайып Ердоған әрбір баланың қақтығыссыз, қорқынышсыз өмір сүруге құқығы бар екенін айтып, аймақтық соғыстардың ең үлкен құрбаны бейкүнә балалар екенін мәлімдеді.
Президент Ердоған: «Балалар соғыстың зардабын шекпеуі тиіс»
Президент Ердоған: «Балалар соғыстың зардабын шекпеуі тиіс» / AA

Режеп Тайып Ердоған балалар ешқашан соғыс пен қақтығыстың, кедейліктің ауыртпалығын көтермеуі керектігін атап өтіп, бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүру олардың ең басты құқығы екенін айтты.

Президент Анкарада TRT Телерадиокорпорациясының бейсенбі күні өткен 23 сәуір Балалар мерекесіне арналған 48-ші Халықаралық бағдарламасында сөз алып, өңірде бейбітшілікті қайта орнату бағытында күш-жігер жалғасып жатқанымен, жазықсыз балалардың соғыс пен қысымнан ең көп зардап шегіп отырғанын жеткізді.

Іс-шара барысында балаларға үн қатқан Ердоған: «Соғыссыз, қақтығыссыз, жанжалсыз елде және әлемде өмір сүру – сендердің ең басты құқықтарың», – деді.

Ол барлық дипломатиялық күш-жігерге қарамастан, зорлық-зомбылық пен әділетсіздік өңірді күйретіп жатқанын ескертті.

«Өкінішке қарай, барлық талпынысқа қарамастан, өңірімізде соғыс пен қысым тоқтамай отыр. Бұл соғыстан көбіне бейкүнә балалар зардап шегуде», – деді.

Балалар үшін жарқын болашақ

Режеп Тайып Ердоған Түркияның қақтығыстарды тоқтату және балалардың тұрақсыздық пен зорлық-зомбылықтың құрбанына айналуына жол бермеу үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Қақтығыстарды тоқтатып, балалардың зардап шекпеуі үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Біздің жалғыз мақсатымыз – әлем балаларының бейбітшілік, қауіпсіздік және бауырластықта өмір сүруі», – деді ол.

Президент Түркияның басты басымдығы – балалар қорықпай өсіп, қауіпсіздік пен үмітке қол жеткізе алатын болашақты қалыптастыруға үлес қосу екенін атап өтті.

Ердоған бұл мәлімдемесін Түркияның балаларға арналған ең маңызды ұлттық мерекелерінің бірі 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күнінде жасады.

Іздеу
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Жеті елдің сыртқы істер министрлері Стамбулда бас қосады
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы арасындағы бірлескен қорғаныс келісімі Мәжілістің бекітуіне ұсын
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді
Түркия Сыртқы істер министрі НАТО Бас хатшысымен кездесті
Министр Фидан Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Ирактағы балаларға көмек көрсетті
Түркия Канадаға көңіл айтты
Түркияның коммерциялық көлік экспорты 5 миллиард доллардан асты