САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Сирия мен Сауд Арабиясы мұнай және газ келісімдеріне қол қойды
Жергілікті медианың мәліметінше, Сирияның мемлекеттік мұнай компаниясы Сауд Арабиясының компанияларымен төрт келісімге қол қойған.
Сирия мен Сауд Арабиясы мұнай және газ келісімдеріне қол қойды
Сирия мен Сауд Арабиясы мұнай және газ келісімдеріне қол қойды / AA

Сирия мен Сауд Арабиясы мұнай және газ секторларында бірқатар келісімге қол қойды.

Сирияның ақпарат агенттігі «SANA» сейсенбі күні хабарлағандай, мемлекеттік Сирия мұнай компаниясы Дамаскідегі Энергетика министрлігінің бас ғимаратында Сауд Арабиясы компанияларымен төрт келісімге қол қойған.

Агенттік Сауд тарапынан қандай компаниялардың келісімге қатысқанын көрсетпестен, құжаттардың техникалық қолдау қызметтерін және Сириядағы мұнай-газ кен орындарын дамыту жұмыстарын қамтитынын мәлімдеді.

19 қарашада Сирия мұнай компаниясының бас директоры Юсеф Кабаллави елдің батысындағы әл-Сахель өңірінде бес жаңа газ кен орны табылғанын хабарлаған болатын.

2015 жылғы деректерге сәйкес, Сирияның нақтыланған газ қоры шамамен 8,5 триллион текше фут (шамамен 240 миллиард текше метр) көлемінде болған. Байланысы жоқ газдың тәуліктік орташа өндірісі шамамен 250 миллион текше метрді құрап, елдің жалпы газ өндіруінің ˗ 58 пайызын қамтамасыз етеді.

Ал мұнаймен байланысты газ өндірісінің 28 пайызын құрайды және оның басым бөлігі Евфрат өзенінің шығыс аймағынан алынады.

Ахмед Шара басқарып отырған жаңа Сирия үкіметі 14 жылға созылған ішкі соғыстан кейін елді қайта қалпына келтіру және экономиканың қалпына келтіру мақсатында түрлі үкімет және институттармен келісімге келу арқылы елдің энергетика секторын нығайтуға күш салып келеді.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді