ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Трамп Иранға қарсы блокаданы ұзартуға тапсырма берді
«The Wall Street Journal» басылымының хабарлауынша, шенеуніктер АҚШ президентінің бомбалауды жалғастыру немесе қақтығыстан шығу блокаданы жалғастыруға қарағанда әлдеқайда қауіпті деген шешімге келгенін айтты.
Трамп Иранға қарсы блокаданы ұзартуға тапсырма берді
Трамп Иранға қарсы блокаданы ұзартуға тапсырма берді

Сейсенбі күні жарияланған ақпаратқа сәйкес, Дональд Трамп көмекшілеріне Иранға қарсы кеңейтілген блокадаға дайындық жүргізуді тапсырған. АҚШ шенеуніктеріне сілтеме жасаған басылым Трамптың соңғы кездесулерде Иран экономикасы мен мұнай экспортын кемелер қозғалысын шектеу арқылы қысымда ұстауды жөн көргенін жазды.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?

Хабарға қарағанда, шенеуніктер бомбалауды қайта бастау немесе қақтығыстан бас тарту секілді балама қадамдарды блокаданы жалғастырудан әлдеқайда қауіпті деп бағалаған.

АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға қарсы бірлескен операция бастаған болатын. Тегеран бұған жауап ретінде Парсы шығанағы елдеріндегі АҚШ базаларына шабуыл жасағанын мәлімдеді.

8 сәуірде Пәкістанның араағайындығымен атысты тоқтату келісімі жарияланды. Кейін 11–12 сәуір күндері Исламабад қаласында өткен келіссөздер нәтижесіз болды.

ҚатыстыИсламабадта өткен АҚШ-Иран келіссөздері нәтижесіз аяқталды - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Ал Дональд Трамп атысты тоқтату режимі Пәкістанның өтінішімен, Тегераннан ұсыныс келгенге дейін ұзартылғанын айтты.

Дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде Трамп Тегеранның Ормуз бұғазын қайта ашуды көздейтін және ядролық бағдарламаға қатысты мәселелерді кейінгі келіссөздерге қалдыратын соңғы ұсынысты қабылдауы екіталай екенін жеткізді.

Іздеу
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
Нью-Йорктегі Таймс-скверде қанды шабуыл жасалды
Израиль Сирияның оңтүстігіндегі ауылға рейд жасады
Шығыс Иерусалимдегі мектептер Израильдің қысымы салдарынан жаңа оқу жылын бастай алмады
ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы Бішкекте басталды
Африка Одағының көшбасшылары төтенше жиналды
Газада азық-түлік тапшылығы ушығып барады
Ресей Ұлыбританияның әскери базаларына соққы беруі мүмкін екенін ескертті
«Ozon» компаниясының екі логистикалық нысанына дронмен шабуыл жасалды
Газа Бейбітшілік кеңесі: “ХАМАС қару-жарағын тапсырып, басқарудан бас тартуға келісті”
Нетаньяху басып алынған Батыс Шерияда заңсыз қоныстарды кеңейтпек
Непалдағы су тасқыны мен көшкін салдарынан ондаған адам қаза тапты
Израиль шабуылынан 4 палестиналық қаза тапты
"Иран шабуылдары АҚШ-тың Таяу Шығыстағы барлау нысандарына ауыр зиян келтірді"
Ресейде шыққан өртте Қытайдың 6 азаматы, барлығы 7 адам қаза тапты