ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия мен Әзербайжан келісімдерге қол қойды
Түркия мен Әзербайжан Бірлескен экономикалық комиссияның 12-ші отырысының хаттамасына және 110 тармақтан тұратын жоспарға қол қойды.
Түркия мен Әзербайжан келісімдерге қол қойды
Түркия мен Әзербайжан келісімдерге қол қойды / AA

Түркия мен Әзербайжан энергетика, сауда, инвестиция және туризм сияқты салаларды қамтитын, 110 тармақтан тұратын іс-қимыл жоспары енгізілген, Бірлескен экономикалық комиссияның 12-ші отырысының хаттамасына қол қойды.

Келісімге қол қою дүйсенбі күні Түркия Республикасының вице-президенті Жевдет Йылмаз бен Әзербайжан Республикасының премьер-министрі Али Асадов тарапынан Әзербайжанның астанасы Баку қаласында өтті.

2021 жылдың 15 маусымында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қол қойған Шуша декларациясы екі ел арасындағы қатынастарды одақтастық деңгейіне көтергенін еске салған Йылмаз қазіргі ынтымақтастықтың, ең алдымен Түркі Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) аясындағы қызметтерді өңірлік және халықаралық деңгейде күшейту арқылы бүкіл түркі әлемінің әл-ауқатына үлес қосуды көздейтінін атап өтті.

Йылмаз осы түсінікке сай Бірлескен экономикалық комиссия отырыстары нақты жоба әзірлеуге және ортақ экономикалық мақсаттарға нық қадаммен ілгерілеуге арналған жол картасын ұсынатынын жеткізді.

Йылмаз: «Жаңа іс-қимыл жоспарында Еркін сауда келісіміне қол қою мүмкіндіктерін зерттеу, үшінші елдермен инвестиция және сауда салаларында ынтымақтастық орнату, Әзербайжанды Жаңа компьютерлендірілген транзит жүйесіне (NCTS) интеграциялау мақсатында Бірлескен жұмыс тобын құру, ортақ өндірістік оқыту орталықтарын ашу, ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою, мұнай мен табиғи газ жобаларындағы әріптестікті дамыту, денсаулық сақтаудан туризмге, банк ісінен мемлекеттік сатып алуларға дейін кең ауқымда тәжірибе алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру сияқты нақты қадамдар қамтылған», – деді.

Вице-президент Йылмаз Әзербайжанмен арадағы сауда айналымы өткен жылы 8 миллиард АҚШ долларына жетіп, ең жоғары деңгейге көтерілгенін айтты.

Сондай-ақ ол: «Осы тұрғыда сауда көлемі үшін қойылған 15 миллиард долларлық мақсат – тек әлеуетімізді көрсететін орта мерзімді меже. Негізгі мақсатымыз – ортақ өндіріс, ортақ инвестиция және үшінші елдерде бірлескен жобаларды іске асыру қабілетіне қол жеткізу. Бұл жолда бюрократиялық кедергілерді жою, кеден және логистика үдерістерін жеделдету – басты міндетіміз», – деді.

Вице-президент үшінші елдер арқылы жүзеге асырылған инвестициялар да ескерілгенде, Түркияның Әзербайжандағы инвестициялары 18 миллиард долларға, ал Әзербайжанның Түркиядағы инвестициялары 21 миллиард долларға жеткенін айтып, сөзін былай жалғастырды: «Біз Каспийдің байлықтарын батысқа жеткізетін жай ғана «транзит елдер» болмауымыз керек. Біз жеткізілім қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін стратегиялық орталық болуымыз керек. Осы орайда энергетикалық ынтымақтастығымызды жаңартылатын энергия көздерін де қамтитындай етіп әртараптандырып, Нахчыван арқылы жоспарланған энергия дәлізін мүмкіндігінше тез іске қосу арқылы энергетика саласындағы одақтастығымызды нығайтуымыз қажет».

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты