ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
3 ... минут оқылды
Конго Демократиялық Республикасы мен Руанда АҚШ-та бейбітшілік келісіміне қол қояды
Трамп әкімшілігі қолдаған бұл бейбітшілік келісімі Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы қақтығыстарды тоқтатуды көздейді, алайда келісім ашықтық, есеп беру және экономикалық мақсаттар тұрғысынан күмән туғызып отыр.
Конго Демократиялық Республикасы мен Руанда АҚШ-та бейбітшілік келісіміне қол қояды
/ Reuters

Руанда мен Конго Демократиялық Республикасы жұма күні Вашингтонда Конго Демократиялық Республикасының шығысында жылдарға созылып, мыңдаған адамның өмірін қиған қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қоймақ.

Бірақ мәміленің екіұштылығы мен оның астарындағы саяси және экономикалық мүдделер туралы сұрақтар туындауда.

Келісім бұл бастаманы жұрт алдында құптаған Трамп әкімшілігінің бірнеше айға созылған дипломатиялық әрекеттерінен кейін жүзеге асты.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл бастамасы үшін Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының берілмегеніне көңілі қалғанын атап өтті.

Бірақ сыншылар келісімнің экономикалық құрылымы нақты емес екендігін  ескертеді.

Конго Демократиялық Республикасының шығысы электр көліктері үшін өте маңызды кобальт пен литий сияқты минералдарға бай және Америка Құрама Штаттары Қытайдың аймақтағы өсіп келе жатқан ықпалына қарсы тұруға ынталы.

Негізінен этникалық тутсилерден құралған «M23» көтерілісшілер тобы 2021 жылдың соңында шабуылын жаңартып, Руанда шекарасына жақын орналасқан Гомамен бірге үлкен аумақты басып алған болатын.

Киншаса үкіметі бірнеше рет Кигали үкіметін «M23»-ті қолдады деп айыптады. Вашингтон да бұл айыптауды қолдады.

Руанда бұл айыптауларды жоққа шығарып, оның орнына 1994 жылғы геноцидпен байланысы бар тұлғаларды да қамтитын этникалық хутулардан құралған «FDLR» тобына қарсы әрекеттерді жалғастыру қажет екенін алға тартуда.

Мемлекеттік департамент өкілінің орынбасары Томми Пиготттың айтуынша, келісімге Руанда Сыртқы істер министрі Оливье Ндухунгирехе мен Конго Демократиялық Республикасының Сыртқы істер министрі Тереза Кайиквамба Вагнер АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың қатысуымен қол қояды.

Ақ Үй Трамптың екі министрмен де  өз кеңсесінде кездесетінін хабарлады.

Үш елдің бірлескен мәлімдемесінде «Келісім - аумақтық тұтастықты құрметтеу, соғыс қимылдарына тыйым салу және барлық мемлекеттік емес қарулы топтарды қарусыздандыру бойынша міндеттемелерді қамтиды», - делінген.

Сондай-ақ мәлімдемеде «Аймақтық экономикалық интеграция шеңбері» мен Трамп, Руанда президенті Пол Кагаме және Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Цисекеди қатысатын саммитке сілтеме жасалған.

Бұл келісімге Катар және Трамптың Африка бойынша аға кеңесшісі, қызы Тиффанидің қайын атасы, Ливанның тумасы, америкалық кәсіпкер Массад Булос араағайын болды.

Экономикалық талқылаулар

Соғыс кезінде сексуалдық зорлық-зомбылықты тоқтатуға күш салғаны үшін 2018 жылғы Нобель Бейбітшілік сыйлығын алған конголық дәрігер Денис Муквеге келісім агрессияны марапаттады деп сынады.

Муквеге мәлімдемесінде «Бұл келісім агрессияны марапаттайды, Конгоның табиғи ресурстарын тонауды заңдастырады және тұрақсыз бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін әділеттілікті құрбан ету арқылы құрбандарды ұлттық мұрасынан алшақтатуға мәжбүр етеді»,-деді.

Қол қою алдында «Africa Intelligence» басылымы бұл келісім Руанданың «қорғаныс шараларын» кері қайтарып, Конго Демократиялық Республикасына «FDLR» (Руанданың Демократиялық Азаттық Күштері) ұйымымен байланыстарын үзуін талап еткенін хабарлады.

Алайда Руанданың Сыртқы істер министрі бұл ақпаратты жоққа шығарып, «Руанда қорғаныс күштері», «Руанда әскерлері» немесе «шығару» сөздері құжаттың еш жерінде кездеспейді»,- деді.

Конго Демократиялық Республикасының бас дипломаты сәуір айында Вашингтонға сапары кезінде «Кигали Конго аумағынан кетуі керек» деген болатын.

Екі ел де Вашингтонның көңілін табуға  тырысуда.

Руанда АҚШ-тан депортацияланған мигранттарды қабылдау мәселесін талқылады. Ал Киншаса Вашингтонның бұрын Украинамен жасаған тау-кен келісімі үлгісінде АҚШ-қа инвестициялық келісімін  ұсынып отыр.

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады