ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия мен АҚШ қорғаныс өнеркәсібіне қойылған шектеулерді алып тастауға ниетті
Хакан Фидан мен Марко Рубио Түркияның F-35 бағдарламасына қайта қосылуы және «CAATSA» санкцияларын жою мәселелерін талқылады. Алдағы техникалық кездесулерде осы түйіткілдерді шешу қарастырылмақ.
Түркия мен АҚШ қорғаныс өнеркәсібіне қойылған шектеулерді алып тастауға ниетті
/ AP
27 Наурыз 2025

Вашингтондағы келіссөздер барысында Түркия мен АҚШ қорғаныс өнеркәсібі саласындағы шектеулерді алып тастауға дайын екендерін білдірді.

 Түркия Сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздің мәліметінше, Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио арасындағы кездесуде тараптар қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастыққа қойылған шектеулерді жоюға деген саяси ерік-жігерін ашық білдірді.

Екі НАТО одақтасының жоғары лауазымды дипломаттары 16 наурызда Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ Президенті Дональд Трамп арасындағы телефон әңгімесінде көтерілген мәселелерді талқылап, олардың жүзеге асырылу барысын бақылауға алды.

Сонымен қатар екі дипломат елдер арасындағы алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады.

Дереккөздің хабарлауынша, қазіргі мәселелерді шешу үшін техникалық келіссөздер жүргізіледі.

F-35 мәселесі

Сейсенбі күні Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Вашингтонға екі күндік ресми сапарын бастады. Бұл – оның президент Дональд Трамп әкімшілігі кезіндегі алғашқы сапары болды.

Фиданның Түркияға салынған санкцияларды алып тастау және елдің F-35 жойғыш ұшағы бағдарламасына қайта қосылуын талап етуі күтілуде.

 Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде, 2019 жылы Түркияның Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алуына байланысты оның кеңесшілері Анкараға «CAATSA» (АҚШ-тың қарсыластарға санкциялар арқылы қарсы тұру туралы заңы) аясында шектеу қоюды ұсынған еді. Бастапқыда бұл ұсынысты қабылдамаған Трамп 2020 жылы санкция енгізу туралы шешім қабылдады.

Бұл сатып алу Түркияның өндіруші әрі сатып алушы ретінде қатысқан F-35 жойғыш ұшағы бағдарламасынан шығарылуына алып келді. Анкара бұл шешімді әділетсіз әрі заңсыз деп есептеп, бағдарламаға қайта қосылуды немесе оған салған инвестициясының қайтарылуын талап етуде.

Қатынастарды дамытуға ұмтылыс 

Соңғы жылдары АҚШ пен Түркия арасындағы қарым-қатынас ұзақ жылдар бойы НАТО-дағы одақтас екі ел арасындағы келіспеушіліктердің тереңдеуіне байланысты стратегиялық серіктестіктен алыстай түсті. 

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден әкімшілігі Түркиямен қарым-қатынасқа Ресеймен тығыз байланысы үшін сақтықпен қарады. Байден билігі кезінде S-400 мәселесін шешу бойынша келіссөздер жалғасты, алайда айтарлықтай нәтиже болмады. 

Фиданның бұл сапары Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Вашингтонмен қарым-қатынасты жақсартуға ұмтылған кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр.

Дональд Трамп 20 қаңтарда қызметіне қайта кіріскелі бері, Байден әкімшілігінің Мәскеуді оқшаулау және Киевке шексіз қолдау көрсету саясатын өзгертіп, Ресейдің Украинадағы соғысын тоқтатуға басымдық берді.

Түркиялық шенеуніктердің мәлімдеуінше, Трамптың Мәскеуге қатысты ұстанымының өзгеруі Вашингтон мен Анкара арасындағы келіссөздерге «жаңа сипат» берді. Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстар қарқын ала бастады.

Алайда Трамптың бұл саяси бағыты Еуропа елдерін алаңдатып отыр. Еуропалық көшбасшылар Вашингтонның оларға сырт айналуы мүмкін екенінен қауіптенсе, Анкараның Еуропа қауіпсіздігін қайта қалыптастырудағы ықтимал серіктес ретіндегі рөлі күшейе түсті.

Іздеу
Карни Түркияның Канада үшін «өте маңызды серіктес» екенін мәлімдеді
Түркия Сомалидің терроризммен күресіне бағытталған әуе және құрлықтағы әскери қолдауын арттыруда
Түркия мен Сауд Арабиясы “KAAN” жойғыш ұшақтарына бірлесіп инвестиция салады
Президент Ердоған Түркия-Мысыр Іскерлік форумына қатысты
Президент Ердоған: «Иран мен АҚШ келіссөздеріне араағайын болуға дайынбыз»
Түркия Суданның егемендігіне қолдауын растады
«Сирияның аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігі өте маңызды»
Сауд Арабиясы-Түркия инвестициялық форумы өтті
Түркия президенті Ердоған Сауд Арабиясы мен Мысырға барады
Президент Ердоған Орталық банкке жаңа төраға орынбасарларын тағайындады
Түркия Израильді айыптады
Түркия Конго Демократиялық Республикасына  көңіл айтты
Түркия Сириядан әскерлердің шығарылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Таяу Шығыс бойынша сенімге негізделген келісім ұсынды
Түркияда жұмыссыздық деңгейі 7,7%-ға төмендеді
Түркия мен Нигерия сауда көлемін арттырды
Иран Сыртқы істер министрі Түркияға келеді
Түркия Сыртқы істер министрі  АҚШ пен Иранды дипломатияға шақырды
Түркия Иран пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен алты адамды ұстады
Ердоған Сирияда Асад режимі қиратқан үйлердің қайта салынатынын мәлімдеді