САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Оккупацияланған Шығыс Иерусалим маңында жаңа заңсыз Израиль қонысы құрылды
«Al-Baidar» Бедуиндердің құқықтарын қорғау тобының мәлімдеуінше, заңсыз израильдік қоныстанушылар Анатаның шығысындағы Әбу Галия және әл-Ара’ара бедуин қауымдастықтарының маңында уақытша қоныс орнатып, бекет құрған.
Оккупацияланған Шығыс Иерусалим маңында жаңа заңсыз Израиль қонысы құрылды
Illegal settlers have established 114 outposts since the Gaza genocide in October 2023. / Reuters

Палестинада жұмыс істейтін жергілікті адам құқықтары ұйымының мәліметінше, Израильдің заңсыз қоныстанушылары басып алынған Шығыс Иерусалимнің шығысындағы Аната ауылында жаңа заңсыз қоныс сала бастаған.

«Al-Baidar» атты бедуиндердің құқықтарын қорғау ұйымы жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде, қоныстанушылар Анатаның шығысындағы Абу Галия және әл-Араара бедуин қауымдарының маңында құрылыс бастап, уақытша үйлердің іргетасын қалап жатқанын хабарлады.

Ұйым бұл әрекеттің Иерсалимнің солтүстік-шығысындағы бедуин қауымдарының жерінен қуылуына алып келуі және палестиналықтардың мал жаю мен егіншілік үшін қажетті жерлер мен жайылымдарға қол жеткізуін шектеуі мүмкін екенін ескертті.Топ бұл әрекетті «аймақтағы отаршылдықты кеңейтіп, Палестина жерлерін бақылауға алуды көздейтін жүйелі саясаттың бір бөлігі» деп атады.

Палестина әкімшілігінің Қабырғалар мен қоныстарға қарсы күрес жөніндегі комиссиясының деректеріне сәйкес, Израильдің заңсыз қоныстанушылары 2023 жылдың қазан айынан бері 114 жаңа бекініс орнатқан.

Ал Халықаралық сот  биыл шілде айында Израильдің Палестина жерлерін басып алуын заңсыз деп танып, Батыс Шерия мен Шығыс Иерсалимдегі барлық қоныстарды босатуды талап еткен болатын.

 

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді