ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Пашинян сайлауда жеңіске жетті
Армения премьер-министрі Никол Пашинян батыспен жақындасуға ниетті екенін мәлімдеп, Ресеймен қарым-қатынасты одан әрі дамытуға күш салатынын айтты.
Пашинян сайлауда жеңіске жетті
Армения премьер-министрі Никол Пашинян / AFP

Кеше Арменияда өткен парламент сайлауында премьер-министр Никол Пашинян жетекшілік ететін биліктегі «Азаматтық келісім» партиясы жеңіске жетті.

Дүйсенбі күні Орталық сайлау комиссиясы жариялаған ресми нәтижелерге сәйкес, Пашинянның партиясы 49,8 пайыз дауыс жинаған.

Ресейшіл армян кәсіпкер Самвел Карапетян бастаған «Мықты Армения» альянсы 23,3 пайыз дауысқа ие болды. Ал бұрынғы президент Роберт Кочарян жетекшілік ететін «Армения» альянсы 9,9 пайыз, «Гүлденген Армения» партиясы 4 пайыз дауыс жинап, парламенттен орын алды. Сайлауға қатысу көрсеткіші 59 пайыз болды.

Нәтижелер жарияланғаннан кейін сөз сөйлеген Пашинян бұл жетістікті «Арменияға тұрақты даму мен жарқын болашақ әкелетін  тарихи жеңіс» деп бағалады.

«Батыспен жақындасу жалғасады, Ресеймен байланыс сақталады»

Сайлаудағы жеңісінен кейін сыртқы саясатқа қатысты мәлімдеме жасаған Никол Пашинян батыс елдерімен жақындасуға ниетті екенін айтып, Ресеймен қарым-қатынасты одан әрі дамытуға күш салатынын атап өтті.

Урсула фон дер Ляйен әлеуметтік желідегі жазбасында Пашинянды сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Ол: «Күн сайын Еуропаға жақындап келе жатқан демократиялық Арменияны құптаймыз. Армения бізге сене алады», – деп мәлімдеді.

Оппозиция: «Сайлау әділ өткен жоқ»

Самвел Карапетян сайлау нәтижелерін «ұятты жағдай» деп бағалады. Ол сайлауалды штабының ондаған мүшесінің ұсталғанын айтып, дауыс беру барысында заңбұзушылықтар мен қысым көрсету фактілері болғанын алға тартты.

Арменияның Тергеу комитеті заңбұзушылықтар жөніндегі шағымдарға байланысты 59 қылмыстық іс қозғалғанын және 9 адамның қамауға алынғанын хабарлады.

Мәскеумен қарым-қатынас шиеленісті

Никол Пашинян билікке келген кезеңде Армения Ресей жетекшілік ететін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымымен байланысын тоқтатып, Еуроодақ және АҚШ-пен ынтымақтастығын нығайта түсті. Сондай-ақ ел Еуроодаққа мүшелікке үміткер болу бағытында бірқатар қадам басты. Ал Мәскеу өңірдегі ықпалының әлсіреуіне алаңдайтынын жасырмай келеді.

Владимир Путин мамыр айында жасаған мәлімдемесінде Украинаны мысалға келтіріп, «Бүгін Украинада не болып жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Оның бәрі неден басталды? Украинаның Еуроодаққа қосылуға ұмтылысынан», – деп, Ереванға жанама түрде ескерту жасаған еді.

Сайлаудан бұрын Ресейдің Армениядан жеткізілетін кейбір тауарлардың импортына тыйым салуы Ереванға экономикалық қысым көрсету әрекеті ретінде бағаланды.

Іздеу
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
1300-ден астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді
Израиль Газада төрт палестиналықты өлтірді
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Ресей: «Одесса портын және Украина армиясына жүк тасымалдаған кемелерді нысанаға алдық»
Франция 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салды
Ресейдегі "Wildberries" орталықтарына шабуыл жасалды
АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс күшейді: Тегеранда әуе қорғаныс жүйелері іске қосылды
БҰҰ:“2026 жылдың алғашқы жартысында Ресей-Украина соғысында бейбіт тұрғын өлімі 37 пайыз артты"
Сомалиде тоғыз террорист залалсыздандырылды
«АҚШ өңірге жаңа әскери техника жеткізуді жалғастыруда»
Венесуэладағы жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 5 208- ге жетті
Францияда 53 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды
АҚШ Иранның Чабахар портындағы бақылау мұнарасына соққы берді
АҚШ Иранға қарсы алты күндік шабуыл операциясының аяқталғанын мәлімдеді