ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
“TRT World” телеарнасының тәуелсіз журналисі Газада қаза тапты
“TRT World” телеарнасының тәуелсіз журналисі Яхия Барзак Газа орталығындағы Дейр-әл-Балах аймағында Израиль әуе соққысынан қаза тапты.
“TRT World” телеарнасының тәуелсіз журналисі Газада қаза тапты
"TRT World"- тің тәуелсіз журналисі Яхия Барзак Газадағы Израиль әуе соққысынан қаза тапты / X/QudsNen

Барзак соғыстың бейбіт тұрғындарға әсерін құжаттап, бір дәмханада түсірген материалдарын жүктеп отырған сәтте Израильдің әуе шабуылына ұшырады.

Палестина БАҚ-тарының хабарлауынша, шабуылдан Барзакпен бірге тағы бес адам көз жұмды.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің мәліметінше, сейсенбі күні Газада жасалған Израиль соққыларынан жүкті әйел мен бір баланы қоса алғанда кемінде 58 палестиналық қаза тапқан.

Палестина дереккөздері Дейр-әл-Балахтағы шабуыл ағаш ұстасы шеберханасын да нысанаға алғанын хабарлады.

Барзак пен өзгелер қаладағы Шеңбер көшесінің маңында қаза тапты.

Журналист өзінің “Instagram” парақшасында соңғы жазбасында Израильдің бомбалауынан және мәжбүрлі қоныс аудару қаупінен Газа қаласынан оңтүстікке кетуге мәжбүр болғанын жазып, “Денем оңтүстікке кетсе де, жүрегім әлі де Газа қаласында,” деген еді.

Түркия шабуылды айыптады

Түркия Республикасы Президент аппараты жанындағы Коммуникациялар басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран Барзакты “басқыншылық пен қысымның көлеңкесінде шындықты іздеген батыл дауыс” деп сипаттады.

Дуран: “Оның оқиғасы ‘TRT World’-тің ‘Газа суреттерімде’ атты деректі фильмінде қамтылып, әлемге шындықты жеткізуге деген табандылығын көрсетті. Журналистерге жасалған шабуылдар шындықты ешқашан тұншықтыра алмайды. Яхияға Алладан рақым тілейміз, отбасына, әріптестеріне және жақындарына көңіл айтамыз,” деді.

TRT Бас директоры Захид Собаджы да шабуылды қатаң айыптап, Барзактың қаза болуы Газадағы журналистердің қандай қауіп-қатерлерге тап болып отырғанын тағы бір мәрте еске салғанын айтты.

Собаджы: “Өте қиын жағдайда жұмыс істеген әріптесіміз Яхия Барзактың қазасына қатты қайғырамыз. Израиль журналистерді нысанаға алып, адамзатқа қарсы жасап отырған қылмыстарын жасыра алмайды, есеп беретін күн ерте ме, кеш пе міндетті түрде келеді,” -деді.

Барзак Газада жаңа туған нәрестелердің фотографы ретінде кеңінен танылған еді. Соғысқа дейін оның “Instagram” парақшасы Газа қаласындағы жеке студиясында түсірілген, мұқият өңделген сәби портреттеріне толы болатын.

Ал Израиль шабуылдары басталғалы бері оның парақшасы қара сызықтармен белгіленген, өлім мен қираудың символына айналған әсерлі суреттерге толды. Сонымен қатар геноцид сипатты соғыста қаза тапқан балаларды еске алатын бейнежазбалар да жариялап отырған.

Барзак 2023 жылғы 7 қазаннан бері Газада қаза тапқан кемінде 250 журналист пен медиа қызметкерінің бірі болды. Бұл жағдай соғысты қазіргі тарихтағы журналистер үшін ең қауіпті қақтығыстардың біріне айналдырды.

Палестина БАҚ-тарының хабарлауынша, Барзактың өлімі Израильдің бейбіт нысандар мен инфрақұрылымға жасаған жойқын шабуылдары кезінде Газада журналистердің әлі де нысанаға алынып отырғанын тағы бір рет айқын көрсетті.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?