Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Әзербайжанда кездесу өткізді
Екі ел арасында келісімдерге қол қойылды, Әзербайжан Түрікменстанға мұнай танкерін сыйға тартты.
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Әзербайжанда кездесу өткізді
Түрікменстан Президенті Бердімұхамедов Әзербайжанда

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Әзербайжанға ресми сапары аясында президент Ильхам Әлиевпен кездесті.

Кездесуде көлік, энергетика, экономика және өнеркәсіпті қоса алғанда, түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Сапар аясында Әлиев пен Бердімұхамедовтың қатысуымен Әзербайжан тарапынан Түрікменстанға сыйға тартылған «Достық» (Dostluq) деп аталатын мұнай танкерін онлайн режимде тапсыру рәсімі өтті.

Баку кеме жасау зауытында салынған танкердің ұзындығы 141 метр, ені 16,9 метр, ал суға бату тереңдігі (осадкасы) 4,54 метрді құрайды. Жүк көтерімділігі 7 мың 875 тонна болатын бұл танкер екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың символының бірі ретінде бағалануда.

Келіссөздерден кейін Әлиев пен Бердімұхамедов бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сонымен қатар кеден, спорт, еңбек және әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, азық-түлік қауіпсіздігі, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, экономика және қаржы салаларында тиісті мекемелер арасында түрлі келісімдер мен өзара түсіністік меморандумдары бекітілді.

Құжаттарға қол қойылғаннан кейін бірлескен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.

Әлиев көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықтың тек екі ел үшін ғана емес, ауқымдырақ географиялық аймақ үшін де стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.

Әлемде сенімді әрі қауіпсіз көлік дәліздерінің саны шектеулі екеніне назар аударған Әлиев: «Егер елдеріміз арасында өзара саяси сенім болмағанда, қазіргі географиялық мүмкіндіктердің өзі бұл жобаларды жүзеге асыруға жеткіліксіз болар еді. Артып келе жатқан жүк тасымалын одан әрі дамыту және үшінші елдерден жаңа жүк ағындарын тарту мақсатында көлік-логистика саласындағы үйлестіруді күшейтуге уағдаластық», — деді.

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов те Әзербайжан тарапынан сыйға тартылған «Достық» мұнай танкері үшін алғыс айтып, бұл сыйлықты екі ел арасындағы бауырластық қарым-қатынастардың нышаны ретінде қабылдайтындарын білдірді.

Танкердің екі мемлекеттің де дамуына үлес қосатынына сенім білдірген Бердімұхамедов Түрікменстанның Әзербайжанмен байланыстарды одан әрі тереңдетуге үлкен мән беретінін атап өтті.

Бердімұхамедов Әзербайжан мен Түрікменстан халықтарын ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан тату көршілік қарым-қатынастар, ортақ тарих, мәдениет, тіл және рухани құндылықтар байланыстырып тұрғанын да тілге тиек етті.

Іздеу
Қазақстанда Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді
Түркия–Қырғызстан стратегиялық жоспарлау тобы ертең Анкарада бас қосады
Қазақстан Қарашығанақ мұнай-газ кен орнының өндіріс көлемін қысқартты
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
Түркі мемлекеттері арасында электрондық сауда мен цифрлық қызметтер жеңілдейді
Грек соты төрт түрікті соттады
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Шыңғыс Айтматов: әлем әдебиетіндегі өшпес мұра
Түркия мен Түрікменстан жаңа хаттамаға қол қойды
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары еске алынуда
Бішкекте Түркия-Қырғызстан түрік кино күндері өтеді
Қазақстанда І Баку Түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған симпозиум басталды
Әлиев ЕО-ны Әзербайжан-Армения бейбітшілік процесін 'бұзды' деп айыптады
Қазақстан мен Жапония мұнай жеткізу мәселесін талқылады
Мирзиёев Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің ашылу жиналысында сөйледі
Қазақстан мен Ресей: Каспий аймағы бейбітшілік пен ынтымақтастық аймағы болып қалуы тиіс