Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропарламенттің 17 маусымда өткен жалпы отырысында қабылданған «2025 жылғы Түркия туралы есебіне» қатысты жазбаша мәлімдеме жариялады.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропарламенттің 17 маусымда қабылдаған 2025 жылғы Түркия туралы есебіндегі тұжырымдарды жоққа шығарды. Министрлік есепте Түркияға бағытталған айыптаулармен қатар, кипрлік түріктердің егемендігі мен аралдағы қазіргі жағдайлардың ескерілмегенін мәлімдеді.

Мәлімдемеде Солтүстік Кипр Түрік Республикасының институттары, демократиялық құрылымы және халқының еркін таңдауы негізінде өмір сүріп отырған егемен әрі тәуелсіз мемлекет екені атап өтілді. Есепте кипрлік түріктердің тек аралдың заңды қауымдастығы ретінде сипатталуы және Түркияға кипрлік түріктер үшін саяси кеңістік ашу жөнінде үндеу жасалуы Солтүстік Кипр Түрік Республикасы халқының өз тағдырын өзі айқындау құқығын жоққа шығаратыны айтылды.   

Сондай-ақ Еуропарламенттің федерацияға негізделген шешім үлгісін жалғыз нұсқа ретінде көрсетуге тырысуы аралдағы саяси және нақты жағдайларға сәйкес келмейтіні атап өтілді. Грек-кипр тарапының ымырасыз ұстанымы салдарынан өзектілігін жоғалтқан келіссөзді қайта күн тәртібіне шығару келісімге қол жеткізуге ықпал етпейтіні жеткізілді.

Сонымен қатар Еуропалық комиссияға Кипр бойынша арнайы өкіл тағайындау туралы ұсыныстың да қабылданбайтыны мәлімделді.

Мәлімдемеде Еуропалық Одақтың 2004 жылы кипр түріктеріне қатысты оқшаулауды жою жөніндегі уәделерін орындамағаны, керісінше грек-кипр тарапына қолдау көрсеткені айтылды. ЕО институттары аралдағы нақты жағдайларды негізге алып, кипрлік түріктердің егемендігі мен халықаралық тең мәртебесін құрметтейтін неғұрлым теңгерімді ұстаным қабылдауға шақырылды.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Түркиямен толық үйлесімде өз халқының егемендігін, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғауды жалғастыратыны, сондай-ақ егемен теңдік пен халықаралық тең мәртебе жолындағы күресін табандылықпен жалғастыра беретіні ерекше атап өтілді.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?