ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Қытайда мейрамханада өрт шықты
Айдың басында Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясында қарттар үйінде шыққан өрттен 20 адам қайтыс болған еді.
Қытайда мейрамханада өрт шықты
/ TRT World

Пекиннің мемлекеттік телерадиокорпорациясының хабарлауынша, Қытайдың солтүстік-шығысындағы мейрамханада сейсенбі күні болған өрт салдарынан 22 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алған.

“CCTV” арнасының мәліметінше, өрт Пекиннен шамамен 580 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан Ляояң қаласында 29 сәуір күні сағат 12:25-те басталған. 14:00-ге дейін өрт 22 адамның өліміне және 3 адамның жарақаттануына алып келген.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин бұл өрттің "елеулі адам шығынына" себеп болғанын атап өтіп, мұндай оқиғалардан "аса маңызды сабақ алу қажеттігін" айтты.

Си Цзиньпин: "Жарақат алғандарға барлық мүмкін көмекті көрсету, қаза болғандардың істерін тиісті түрде реттеу, олардың отбасыларына қолдау көрсету, өрттің себебін шұғыл анықтау және заң аясында жауапкершілікті қатаң қадағалау керек," – деп мәлімдеді.

“AFP” агенттігі растаған интернеттегі бейнежазбаларда екі қабатты мейрамхананы шарпыған алапат өрт пен көкке көтерілген қалың қара түтін анық көрінеді.

Қытайдың “Douyin” (TikTok-тың қытайлық нұсқасы) желісінде жарияланған басқа бейнежазбаларда жедел жәрдем қызметкерлерінің бір құрбанды зембілмен тасып жатқаны және бірнеше өрт сөндірушінің құбыршектермен жалынды сөндіруге тырысып жатқаны бейнеленген.

Қытайда өлімшіл өрт оқиғалары көбіне ғимарат қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы және еңбек қауіпсіздігіне немқұрайлы қарау салдарынан жиі болып тұрады.

Осы айда Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясында қарттар үйінде шыққан өрттен 20 адам қайтыс болды.

Қаңтар айында Пекиннің солтүстік-батысындағы Чжанцзякоу қаласындағы көкөніс базарында шыққан өрт салдарынан 8 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алған.

Бұған дейін Қытайдың шығысындағы Жунчэн қаласындағы құрылыс алаңында болған өртте 9 адам өмірден өткен еді.

Іздеу
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
Йемен күштері: «Таиздің батысындағы қақтығыстарда 30 хоусит қаза тапты»
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Украина: «Ресей армиясы түнде әуе шабуылын жасады»
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Ресей: "Украинаның батыс аймақтарындағы теміржол инфрақұрылымына шабуылдарды жалғастырдық"
Ширек ғасырлық жара: 11 қыркүйек қасіретіне 25 жыл
Польша Украинамен шекарадағы қауіптің алдын алды
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады