ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Сирия күштері түрмедегі 126 баланы босатты
Билік өкілдері балалардың қамауда ұсталуы негізгі гуманитарлық құндылықтарға қайшы екенін атап өтті.
Сирия күштері түрмедегі 126 баланы босатты
Бұл ауқымды жоспардың бір бөлігі ретінде сипатталды. / Reuters

Сирияның Ракка провинциясында қауіпсіздік күштері бұрын YPG террористік ұйымы басқарған түрмеден 18 жасқа толмаған 126 тұтқынды босатты. Сирияның “Alikhbaria” мемлекеттік телеарнасы босатылғандардың барлығы балалар екенін хабарлады.

Арнаның аты-жөні көрсетілмеген қауіпсіздік көздеріне сілтеме жасаған хабарында: «Ішкі қауіпсіздік бөлімшелері Раккадағы “Al Aqtan” түрмесінен 18 жасқа толмаған 126 тұтқынды босатты» деп айтылған.

Ақпарат министрі Хамза әл-Мустафа “X” әлеуметтік желісіндегі жазбасында Сирия Араб ақпарат агенттігі “SANA” жариялаған бейнематериалдар тұтқындардың босатылғанын көрсететінін мәлімдеді.

Әл-Мустафа: «Бұл балалар жай ғана тұтқындар емес, балалық шағынан айырылған перзенттер. Олар мектептерде, ойын алаңдарында болуы тиіс еді, алайда түрме қабырғаларының артында қалды. Әрбір жүзде қорқыныш, жақындардан айрылу және жоғалған пәктіктің тарихы жатыр», - деді.

Балалардың түрмеде ұсталуы адамзат ар-ұжданына нұқсан келтіретін жағдай екенін атап өткен әл-Мустафа: «Бірде-бір ұран, бірде-бір сылтау немесе қауіпсіздікке қатысты себеп баланың түрме камерасында отыруын ақтай алмайды», – деп қосты.

Әділет министрлігі жұма күні жасаған мәлімдемесінде мемлекеттік билікті қалпына келтіру және мекемелерді құқықтық негізде қайта іске қосу аясында YPG күштері шегінгеннен кейін “Al Aqtan” түрмесінің ресми түрде мемлекет қарамағына алынғанын хабарлады. Ішкі істер министрлігі де тұтқындардың істері тексеріле бастағанын мәлімдеді.

Сонымен қатар Сирия армиясы 18 қаңтардағы келісімнің орындалуының алғашқы кезеңі шеңберінде Раккадағы “Al Aqtan” түрмесі мен оның маңынан шығарылған YPG мүшелерін Алеппоның шығысындағы Айн әл-Араб қаласына көшіру басталғанын хабарлады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сирияда YPG лаңкестері екі жасты өлтірді
Іздеу
Иордания Сыртқы істер министрі Иранның шабуылдарын «қарымта әрекет емес» деп мәлімдеді
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1300-ден асты
ЕО палестиналықтарды Газадан күштеп көшіруге қарсы шықты
Түркия Еуропарламентке наразылық білдірді
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын Афинада грек әріптесімен кездесті
Нетаньяху Иран билігін құлатуды «басты міндет» деп атады
Стамбулда ДАИШ-пен байланысы бар күдікті залалсыздандырылды
Түркияның волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы жартылай финалда
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді