ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Жапониялық журналист Иранда тұтқындалды
Токио 20 қаңтарда Тегеранда бір Жапония азаматының тұтқындалғанын растады және журналисті ертерек босату үшін Иранға қысым жасалғанын мәлімдеді.
Жапониялық журналист Иранда тұтқындалды
Жапониялық журналист Иранда тұтқындалды / Reuters

Баспасөздегі мәліметтерге сәйкес, Иран Жапонияның қоғамдық телерадио корпорациясы «NHK»-ның Тегерандағы бюро басшысын тұтқындаған.

Жаңалықтарда журналистің аты Шинносукэ Кавашима екені айтылып, оның Эвин түрмесіне жеткізілгені хабарланды.

«NHK» корпорациясының баспасөз хатшысы сәрсенбі күні «AFP» агенттігіне «NHK» ретінде біз әрдайым қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін ең басты басымдық деп санаймыз. Дәл қазір қосымша мәлімет бере алмаймыз», - деді.

Үкіметтің баспасөз хатшысы Масао Озаки журналистерге 20 қаңтарда бір Жапония азаматының ұсталғанын айтқанымен, толық мәлімет беруден бас тартқан болатын.

Озаки: «Жапония үкіметі 20 қаңтарда Иранның Тегеран қаласында жергілікті билік бір Жапония азаматын ұстағанын растады. Үкімет Иран тарапынан аталған адамның мүмкіндігінше тезірек босатылуын талап етуде. Біз бұл адаммен, оның отбасымен және басқа да тиісті тараптармен байланыстамыз, әрі барлық қажетті көмекті көрсетіп жатырмыз»», - деді.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді