Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мен АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнердің «АҚШ шенеуніктерінің табанды талабы бойынша» Нью-Йоркте кездескені хабарланды.
Иран мемлекеттік телеарнасы БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркте жүрген Сыртқы істер министрі Аракчидің Трамптың кеңесшілері Уиткофф және Кушнермен кездескенін растады.
«АҚШ шенеуніктерінің табанды талабы бойынша» өткені айтылған кездесуде Аракчи Иранның Ормуз бұғазын ашуға қатысты шарттарын АҚШ тарапына жеткізген.
Иран ұсынған шарттардың қатарында АҚШ енгізген теңіз блокадасын дереу алып тастау, Иранға тиесілі бұғатталған барлық активті босату және «қарсылық майданы» орналасқан барлық аумақта соғысты тоқтату бар.
Нью-Йорктегі бұл кездесу Тегеран мен Вашингтон арасында маусым айында Пәкістанда қол қойылған келісімнен кейін қайта басталған қақтығыстардан бергі алғашқы жоғары деңгейдегі бетпе-бет кездесу болды.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін америкалық шенеуніктердің Нью-Йоркте Иран делегациясының өкілдерімен шамамен үш сағатқа созылған кездесу өткізгенін және кездесудің «өте жақсы өткенін» хабарлаған болатын.

























