САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Франция президенті Макрон Газадағы жағдайдың баршаға ұят екенін айтты
Макронның мәлімдемелеріне Израильден жауап келді.
Франция президенті Макрон Газадағы жағдайдың баршаға ұят екенін айтты
Франция президенті Макрон Газадағы жағдайдың баршаға ұят екенін айтты

Франция президенті Эммануэль Макрон кейбір елдердің Газа секторында бейбітшілік орнады деп сенгеніне қарамастан, аймаққа гуманитарлық көмектердің жетпей жатқанын атап өтіп, Газадағы жағдайдың ұят екенін баса айтты.

Эммануэль Макрон АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясында сөйлеген сөзінде барлығының империализмнің қайта оралғаны туралы айтып жатқанын жеткізді.

«Бейбітшілік орнату үшін қайтадан шешімді түрде әрекет етуіміз керек»

Соғыс, бейбітшілік, технология мәселелерінде ең қуатты тараптың өз заңын басқаларға таңууына қарсы әділдік пен ортақ мүдделерді қорғауға шақырған Макрон әлемде шешілмеген соғыстар мен дағдарыстардың артып келе жатқанына назар аударды.

Эммануэль Макрон әлемдік тәртіптің мықтылардың тәртібіне айналғанына меңзеп, «Біз осындай әлемде өмір сүргіміз келе ме?» — деген сұрақ қойды.

Соғыстарға БҰҰ Жарғысына сай шешімдер ізделуі және бұл мәселеде қос стандарт қолданылмауы керектігін атап өткен Макрон: «Еуропада халықтардың егемендігі құнды, ал Африкаға келгенде бұл аз құнды болып көрінетінін қанша рет естідік?» — деген сөздерді тілге тиек етті.

«Газадағы жағдай бәріміз үшін ұят»

Ливанның толық егемендігін қолдайтындарын білдірген Макрон: «Дегенмен толық егемен Ливан ғана Хезболланы қарусыздандырып, ливандықтар мен олардың көршілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады», — деді.

Эммануэль Макрон палестиналықтар үшін де егемендік мәселесіне назар аударып, былай деді:

«Бұдан бір жыл бұрын осы залда көптеген мемлекет Палестина мемлекетін таныды. Қағаз жүзінде таныдыңыздар, шындыққа қараңыздар. Егер әрекет етпесек, сенімділігіміздің қандай құны қалады? Газа бойынша кейбіреулер бейбітшілік орнады деп сенеді, бірақ бұл гуманитарлық көмектердің жетуіне мүмкіндік бермеді. Міне, жағдай ұят, бәріміз үшін де ұят».

Басып алынған Батыс Шерияда да күн сайын құқық бұзушылықтарға куә болып отырғандарын жеткізген Макрон палестиналықтардың заңды құқықтарына құрмет көрсетілуі керектігін білдірді.

Бұның Израиль қауіпсіздігінің де алғышарты болып табылатынын айтқан Макрон Израильдің қауіпсіздігі көршілес мемлекеттердің егемендігін бұзу арқылы жүзеге асады деп санайтындардың өте үлкен қателік жасап жатқанын атап көрсетті.

Француз көшбасшы Сирияға да қолдау білдіретіндерін және бұл мемлекеттің егемендігі мен бірлігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқандарын жеткізді.

Израильдің реакциясы

Израиль премьер-министрі кеңсесінен жасалған мәлімдемеде премьер-министр Беньямин Нетаньяхуның Макронның мәлімдемелерін айыптағаны білдіріліп, аталған сөздер «сандырақ» деп сипатталды.

Израиль Қаржы министрі Бецалель Смотрич те “X” әлеуметтік медиа платформасындағы парақшасында жазба бөлісіп, Эммануэль Макронды «өтірік айтты» деп айыптады.

Іздеу
Хоуситтердің Маашик президент сарайына жасаған шабуылынан 5 адам қаза тапты
Трамп: «Путинмен жұмыс істеу оңайырақ»
CICA Саммитінде көптеген ел өкілі Израиль президенті сөз сөйлегенде залдан шығып кетті
БҰҰ-дан Израильдің Газа секторында заңбұзушылықтарын жалғастырып жатқаны туралы ескерту
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Си Цзиньпин: "Африканың ресурстары Африкаға тиесілі" деді
Француз Мәжілісі жыныстық зомбылыққа қарсы күреске бағытталған заң жобасын қабылдады
Иран: "Оманмен Ормуз бұғазы үшін қажетті келісімге келдік"
Президент Ердоған Косово президенті болып сайланған Широка Пуланы құттықтады
Чехия  Ресейдің НАТО-ға қарсы әрекеттері күшеюі мүмкін екенін ескертті
Туфан Ерхүрман Никос Христодулидиспен кездеседі
Зеленский Ресейді айыптады
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді
АҚШ-та судья мемлекеттік қаржымен қаржыландырылған Трамп жарнамаларын тоқтату туралы шешім шығарды
Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтердің шабуылдарын айыптады
НАТО-ның жыл сайынғы  жаттығулары 13 қазанда басталады