САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Зеленский Ресейді агрессор деп тануға шақырды
Зеленский Киевтің Вашингтонмен ортақ мәмілеге ұмтылып жатқанын және Украинаның соғыста пайдаланған американдық қарулар туралы деректермен бөлісудегі ашықтығын атап өтті.
Зеленский Ресейді агрессор деп тануға шақырды
/ AP

Украина президенті Владимир Зеленский елінің АҚШ-пен Ресейдің соғыстағы агрессор тарап екендігі туралы ортақ түсіністікті дамытқысы келетінін және Вашингтонды негізгі стратегиялық серіктес ретінде көретінін баса айтты.

Зеленский америкалық журналист Бен Шапироға берген сұқбатында «Біз АҚШ-тың бұл қақтығыста араағайын позицияда екенін білеміз. Бұл АҚШ-тың таңдауы. Біз Америка Құрама Штаттарын ықпалы бар стратегиялық серіктес ретінде көреміз», - деді.

Сондай-ақ Украина президенті «Бұл екі жақты күшті Ресейге қарсы пайдалануымыз керек деп ойлаймыз, өйткені Ресей – агрессор. Біз Ресей басқыншы екендігі туралы ортақ түсіністікті қалыптастырғымыз келеді», -деді.

Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың басқа шешім табу жолдарын қабылдағанын айтты. «Мен президент Трамптың қалауын түсінемін. Оның ықтимал шешім іздеудегі талпынысын құрметтеймін. Бұл оның стилі», - деді.

Алайда Украинаның Вашингтонның бұл мәселеде тепе-теңдік іздеуін қаламайтынын да баса айтты.

Зеленский сондай-ақ Украинаның АҚШ-тың қару-жарақ жүйелерін қолдануы мен дамытуына ашық екенін, украиналық сарапшылар америкалық серіктестермен келісе отырып, көптеген технологияны әзірлеп жатқанын атап өтті.

«Украина қолданатын құрылғылар туралы барлық ақпарат Америка Құрама Штаттарына хабарланды және бұл украиналық инженерлеріміз бен алаңдағы адамдар өндірген технологиялардың көптеген элементі мен мүмкіндіктерін жақсарта алды», - деді Украина басшысы.

Зеленскийдің айтуынша АҚШ соңғы жылдардағы ең ірі соғыс арқылы сенімді және құнды ақпарат жинады. Бұл Вашингтонға өзінің болашақ инвестициялық қажеттіліктерін дамытуға мүмкіндік берді. АҚШ бұл ақпаратты нақты операциясыз ала алмас еді», - деп қосты Зеленский.

Зеленский АҚШ-тың 105 миллиард долларлық көмегінің бір бөлігі жаңа ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) жасауға жұмсалғанын және бұл күш-жігердің бірлескен әскери-техникалық жетістіктерге ықпал еткенін атап өтті.

«Бұл жобада ғалымдар, барлау, әскери инженерлер жұмыс істеді. АҚШ осы әзірлемелер үшін ақша төлеп, ұшқышсыз ұшақтар туралы толық және ашық ақпарат алды. Бұл АҚШ-та бұрын болмаған жаңа қару... Қазір АҚШ-та осы тәжірибенің барлығы бар», - деп мәлімдеді Украина президенті.

Іздеу
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Зеленский: «АҚШ Ресей мен Украина арасындағы соғысты бәсеңдетуге күш салып жатыр»
Араб коалициясы хоуситтердің шабуылдарына қарсы шара қабылдайтынын айтты
Катар АҚШ-Иран дағдарысын аймақтық диалог арқылы "біртіндеп еңсеруді" көздейді
Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан алты адам жараланды
Фолькер Тюрк жаһандық дағдарыстарға байланысты үндеу жасады
Ресей: «Германия Бонндағы Бас консулдығымызды негізсіз сылтаумен жапты»
Ресей мен Украина келіссөздері қайта жандануы мүмкін
БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінде Газа мәселесіне баса назар аударылды
Иран Ормуз бұғазы маңында тыйым салынған аймақ жарияламақ