ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Үндістанда нөсер жаңбыр салдарынан болған көшкінде кемінде 24 адам қайтыс болды
Билік өкілдері Үндістанның шығысында болған су тасқыны мен көшкіндерден кейін туристерге орналасқан жерлерінде қалуды бұйырып, құтқару және көмек жұмыстарын жедел түрде ұйымдастырды. Эвакуациялау әлі де жалғасуда.
Үндістанда нөсер жаңбыр салдарынан болған көшкінде кемінде 24 адам қайтыс болды
Үндістанда нөсер жаңбыр салдарынан болған көшкінде кемінде 24 адам қайтыс болды / AP

Үндістанның Батыс Бенгалия уәлаятында қатты жауын-шашын салдарынан болған көшкін мен көпірдің құлауы нәтижесінде қаза тапқандар саны 24 адамға жетті.

Батыс Бенгалия губернаторы Мамата Банерджи Солтүстік Бенгалия мен Оңтүстік Бенгалияның бірнеше аймағының кенеттен жауған жаңбыр салдарынан су астында қалғанын айтты.

“X” әлеуметтік желісінде ол Солтүстік Бенгалиядағы туристерге полиция эвакуациялағанша, орналасқан жерлерінде қалуды ұсынды.

Уәлаяттың Даржилинг ауданынан сайланған парламент мүшесі Раджу Биста да бұл аймақта көшкін болғанын және 24 адамның қаза тапқанын растады.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін айтты.

«Даржилингтегі көпір апаты салдарынан қаза тапқандарға қатты қайғырып отырмын. Жақындарынан айырылғандарға көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Қатты жауын-шашын мен көшкіндерге байланысты Даржилинг пен оның айналасындағы жағдай мұқият бақылануда», – деп жазды ол “X” әлеуметтік желісінде.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады