ТҮРКИЯ
2 минут оқылды
Түркияның "Кітап ауруханасы": Сирек қолжазбалар қайта жаңғыртылуда
Стамбулдағы тарихи Рами кітапханасының "Шифахана" бөлімінде мамандар ғасырлар бойы сақталып келген сирек қолжазбаларды мұқият қалпына келтіріп, бұл баға жетпес жәдігерлерге жаңа өмір сыйлауда.
Түркияның "Кітап ауруханасы": Сирек қолжазбалар қайта жаңғыртылуда
28 Ақпан 2025

XVIII ғасырдан қалған бұрын әскери казарма ретінде пайдаланылған тарихи ғимаратта орналасқан Рами кітапханасы 2023 жылы ашылды.

Кітапхана құрамындағы "Шифахана" атты реставрация орталығы Түркия жазба жәдігерлер мекемесіне қарасты жұмыс істейді.

"Кітап ауруханасы" деп те аталатын Шифаханада Османлы түрікшесі, араб, парсы, иврит және орыс тілдерінде жазылған мыңжылдық тарихы бар сирек қолжазбалар қалпына келтіріледі.

Сонымен қатар Ливан сияқты елдерден де реставрацияға арналған шығармалар қабылданады.

Шифахананың жетекшісі доктор Нил Байдар “TRT World” арнасына берген сұхбатында "Қалпына келтіру процесі хирургиялық операцияға ұқсайды. Қолжазбаның саулығы – басты мәселе. Біз еңбектерге зиян келтірмей, халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейміз." – деді.

Мамандар Исламның ерте кезеңіне жататын сирек Құран қолжазбаларымен қатар әйгілі фиқһ ғалымы Ахмад ибн Ханбалдың 1069 жылдық "әл-Иләл уә Ма’рифат ур-Рижәл" атты хадис ілімі туралы кітабын да қалпына келтіруде.

Бұл еңбектің әлемдегі жалғыз белгілі көшірмесі Стамбулдағы Сүлеймание кітапханасында сақталған.

 Кітаптарды қалпына келтіру процесі

 Шифаханадағы мамандар әрбір бетті сақтап қалу үшін қолданылатын процестің егжей-тегжейін “TRT World” арнасына түсіндіре отырып, реставрация мен сақтау жұмыстарының күрделілігін атап өтті.

Қалпына келтіру процесі шығармалардың мұқият құжатталуынан басталады.

Мамандар қолжазбалардың жасалуында қолданылған материалдар мен техникаларды зерттеп, шығармаларды ылғалдан, көгеруден, жәндіктерден және табиғи ескіру салдарынан пайда болған зақымдардан тазартады.

Әрбір бет шаң, кір және дақтардан тазартылған соң кішкене жыртықтар табиғи желімдермен жөнделеді, зақымданған бөліктерге арнайы қалыңдықтағы қолдан жасалған жапон қағазы жапсырылып, престеледі. Қалпына келтірілген беттер қайта біріктіріліп, кітап күйіне келтіріледі. Бұл процесс кейде бірнеше айға созылуы мүмкін.

Реставратор Мебруре Ипек Йүксел реставрация процесінің "ең маңызды кезеңі – құжаттау" екенін және бұл кезеңде жазуға пайдаланылған материал мен техника туралы маңызды мәліметтер алынатынын айтты.

Шифахана Еуропадағы ең заманауи реставрация орталықтарының бірі саналады.

80 адамнан тұратын арнайы мамандар тобы (химия инженерлері, химиктер және биологтар) ең жаңа технологияларды пайдалана отырып жұмыс істейді.

Доктор Нил Байдар Түркияда кәсіби реставрация жұмыстарының 2012 жылы басталғанын және технологияның дамуымен бұл саладағы мүмкіндіктердің көбейгенін атап өтті.

Рами кітапханасындағы Шифахана өткеннің іздерін сақтаған бірегей еңбектерді болашақ ұрпаққа жеткізу үшін аса ұқыптылықпен жұмыс істейді.

Мамандардың тиянақты еңбегі арқасында ғасырлар бойы сақталған мәліметтер қайта жаңғыруда.

 

Іздеу
Хакан Фидан АҚШ-тың Сирияның біртұтас ел ретінде сақталуының маңызын түсінгенін мәлімдеді
"Түркияны нығайту Ататүріктің мұрасын құрметтеу дегенді білдіреді"
Түркия Ататүріктің Салоникидегі үйін қайта ашты
Түркия ұлы көсем Ататүрікті еске алуда
Президент Ердоған АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшақтары бойынша берген уәдесін орындайтынына үміттенеді
Стамбулда «Газа болашағы» халықаралық саммиті өтеді
Түркия Сыртқы істер министрі  АҚШ-қа аттанады
Түркияның жоғары деңгейдегі делегациясы Пәкістанға барады
Түркияда кибер тыңшылыққа қарсы рейдтерде екі күдікті қамауға алынды
Түркияның Сириядағы рөлі жоғары бағаланды
Түркия Газа секторындағы гуманитарлық көмекті "жеткіліксіз" деп атады
Түркия мен ХАМАС өкілдері кездесті
Түркияның атақты Газиантеп лахмаджуны ЕО-ның географиялық белгісін алды
Хакан Фидан Финляндияда
Түркияның қорғаныс экспорты 6,7 миллиард долларға жетті
Түркия қараша айында Сирияға транзиттік тасымалды бастайды
"Altay" танкі Түркияның қорғаныс қуаты мен жаһандық амбициялары үшін жаңа дәуірді бастайды
Ердоған: «Түркия еуропалық одақтастарымен қорғаныс жобалары бойынша ынтымақтастықты жеделдетеді»
Түркия Газаға әскер жіберу бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына сәйкес қозғалады
Түркия жаһандық бизнес пен технологияны тоғыстырмақ