ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Хакан Фидан Газа келіссөзіне қатысты
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Газаны басқаруды технократтардан құралған топқа тапсыру мерзімінің талқыланғанын айтты.
Хакан Фидан Газа келіссөзіне қатысты
Хакан Фидан Газа келіссөзіне қатысты / AA

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ-та мысырлық және катарлық ресми тұлғалардың қатысуымен өткен жоғары деңгейдегі кездесулерден кейін жасаған мәлімдемесінде Израильдің құқықбұзушылықтары Газадағы бейбітшілік жоспарын ілгерілетуді қиындатқанын айтты.

АҚШ, Түркия, Мысыр және Катар жұма күні Майамиде бас қосып, Газадағы жағдайды талқылады. Фидан сенбі күні журналистерге жүргізілген байланыстардың егжей-тегжейін баяндады.

Фидан Шарм-эль-Шейх Бейбітшілік саммитінде қол жеткізілген келісім негізінде Газа Бейбітшілік жоспары қабылданғалы біршама уақыт өткенін атап өтіп,  «Соңғы тұтқын босатылғаннан кейін бірінші кезең аяқталды. Қазір екінші кезеңге өту параметрлері талқыланып жатыр. Шарм-эль-Шейхтен кейінгі ең маңызды кездесу болды. Ашығын айтсақ, біз кеше түн ортасына дейін әртүрлі форматта келіссөздерімізді жалғастырдық»,-деді.

Кездесуді «нәтижелі» деп бағалаған Фидан тараптардың алғашқы кезеңде мәселелерді егжей-тегжейлі талқылағандарын атап өтті. «Әсіресе Түркия ретінде біз Израильдің атысты тоқтату режимін бұзуы бейбітшілік жоспарына қауіп төндіріп, екінші кезеңге өтуде үлкен кедергілер тудыратынын ашық жеткіздік. Израильдің жалғасып жатқан құқықбұзушылықтары бұл үдерісті қиындатып отыр. Біздің байқауымызша, бұл мәселеде тараптар ортақ пікірде.  Біз де мұның алдын алу жолдарын талқыладық», – деді ол.

Газаны қайта қалпына келтіру және басқару

Екінші кезеңге өту үдерісі аясында Газаны қайта қалпына келтіруге арналған жұмыстың да қаралғанын атап өткен Фидан Түркияның талабын жеткізді: Газаны газалықтар басқаруы тиіс. Газаның аумақтық тұтастығы сақталуы керек, ешбір жағдайда бөлінбеуі тиіс. Газадағы барлық іс-шаралар газалықтардың игілігі үшін жасалуы қажет.

Технократтар комитеті және тұрақтылық күші

Хакан Фидан Газаны басқаруды технократтардан құралған комитетке беру мерзімдермен қатар, Бейбітшілік кеңесін құру және Халықаралық тұрақтылық күшін қалыптастыру мәселелері талқыланғанын айтып, «Шарм-эль-Шейхтен кейін жоғары деңгейде өткен ең маңызды кездесу болды деп ойлаймын», – деді.

Фидан сондай-ақ гуманитарлық көмектің маңыздылығына тоқталып, бұл мәселенің президент Режеп Тайып Ердоғанның назарында екенін атап өтті.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді