ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Бангладеш пен Жапония стратегиялық байланыстарын тереңдетеді
Жапония Премьер-министрі Иcиба Cигэру  Бангладештегі реформалық бастамалар, қайта құру жұмыстары және бейбіт өтпелі кезеңге қатысты Мұхаммед Юнус басқарып отырған уақытша үкіметке өз елінің толық қолдауын тағы бір мәрте растады.
Бангладеш пен Жапония стратегиялық байланыстарын тереңдетеді
/ Reuters

Бангладештің уақытша көшбасшысы Мұхаммед Юнус пен Жапония Премьер-министрі Иcиба Cигэру Токиода өткен кездесуде стратегиялық әріптестікті тереңдетуге келісе отырып, қорғаныс ынтымақтастығы, жұмыс күшін тарту және даму көмегі бойынша жаңа келісімдерге қол қойды.

Жұма күні Юнустың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жапония Бангладешке 1 миллиард 63 миллион долларлық бюджет қолдау, теміржолды жаңғырту жобалары және  түрлі грант уәде етті. Сондай-ақ Ресми Қауіпсіздік Көмегі бағдарламасы аясында Бангладеш Әскери-теңіз күштеріне бес патрульдік катер беруді мақұлдады.

Екі көшбасшы қорғаныс жабдықтары мен технологияларды беру туралы келісімді мүмкіндігінше тезірек аяқтауға үміт білдірді.

Экономикалық ынтымақтастық шеңберінде Жапония үкіметі мен жеке секторы бейсенбі күні қол қойылған жаңа өзара түсіністік меморандумы аясында алдағы бес жылда кемінде 100,000 бангладештік жұмысшыны жұмыспен қамтуға міндеттеме алды.

Юнус үкіметіне толық қолдау

Юнус Токиоға төрт күндік сапармен келіп, 30-шы “Nikkei Азияның Болашағы Форумына” қатысуда.

Сапар аясында Жапонияның ірі инфрақұрылымдық инвестициялары да қарастырылды. Олардың ішінде терең теңіз порты және Бенгал шығанағындағы Өнеркәсіптік Өсу Белдеуі бастамасы шеңберіндегі жобалар бар.

Екі ел сондай-ақ рохинджа босқындары дағдарысы бойынша ортақ ұстаныммен өз отандарынан қуылған рохинджалардың Мьянмаға «тұрақты, қауіпсіз және ерікті» түрде қайтарылуы қажет екендігін атап өтті.

Қазіргі таңда Бангладеш негізінен 2017 жылдың тамызында Мьянмадағы әскери операциялардан қашқан 1,3 миллионнан астам рохинджа босқынын оңтүстік-шығыстағы Кокс-Базар аймағында паналатып отыр.

Иcиба Cигэру  болса Мұхаммед Юнус басқаратын уақытша үкіметке елді қалпына келтіру, реформаларды іске асыру және Бангладеште бейбіт өтпелі кезеңді қамтамасыз ету бағытындағы күш-жігерінде толық қолдау білдіретінін атап өтті.

Екі көшбасшы сондай-ақ барша үшін бейбітшілік, тұрақтылық және ортақ өркендеуді қамтамасыз ету мақсатында Еркін және Ашық Үнді-Тынық мұхиты бойынша ортақ ұстанымдарын тағы да растады.

Іздеу
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Жастар арасындағы жұмыссыздық әлем көлемінде соңғы бір жылда артты
“BMW” 2027 жылдың соңына дейін Германияда 8 000 адамды жұмыстан босатуды жоспарлап отыр
Канада АҚШ-пен сауда келіссөздерін жеделдетуге ниетті
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Армения премьер-министрі  Түркия және Әзербайжанмен энергетикалық байланыстарды тереңдетуге шақырды
Түркия жел энергиясы бойынша әлемде 5-ші, күн энергиясы бойынша 10-шы орында
Түркияның электр қуаты 125 мың 598 мегаватқа жетті
Ормуз бұғазы кеме қатынасына қайта ашылады
Еуропалық орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруі болжануда
Түркия 4 айда 195 миллион доллар көлемінде лимон экспорттады
Шығыс Қаратеңіз аймағынан 115 елге 831 миллион доллардан асатын экспорт жасалды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әзербайжаннан Түркияға 33 миллиард текше метр табиғи газ жеткізу туралы келісімге қол қойылды
Түрік компаниялары жылдың алғашқы 4 айында 872 миллион долларлық кілем сатты
"Meta" қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығарды
Иранмен соғыс америкалықтарға миллиардтаған долларлық қосымша шығын әкелді
Таяу Шығыстағы шиеленіс Азия елдерін шұғыл шара қабылдауға мәжбүрледі
Энергиядағы тәуекелдеріне қарсы Түркияның кепілі - ГЭС-тер