САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл жасады
Израиль АҚШ-пен ядролық келіссөздер жүріп жатқан тұста Иранға соққы беріп, ел аумағында төтенше жағдай жариялады.
АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл жасады
АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл жасады / AP

Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац сенбі күні жасаған мәлімдемесінде ұлттық қауіпсіздікке төнген маңызды қатерлерді негізге ала отырып, Израильдің Иранға қарсы «алдын алу шабуылын» (preventive strike) ұйымдастырғанын айтты.

Кац азаматтарды Ішкі майдан қолбасшылығының нұсқауларын орындауға шақырып, ел көлемінде төтенше жағдай жариялады. Министрліктің мәлімдемесінде «Израиль мемлекеті Иранға қарсы «алдын алу шабуылын» бастады. Қорғаныс министрі Исраэль Кац бүкіл ел аумағында дереу күшіне енетін ерекше төтенше жағдай режимін енгізді», — деп айтылды.

Куәгерлер Тегеранның орталығында жойқын жарылыс болып, қою түтін көтерілгенін хабарлады. Иран үкіметі әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ. “Fars” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исфахан, Кум, Кередж және Керманшах қалаларында да жарылыс даусы естілген.

Бұл шабуыл Иранның ядролық бағдарламасы бойынша АҚШ-пен келіссөздер жүріп жатқан шиеленісті кезеңде болып отыр. Израиль армиясы ықтимал зымыран соққыларына қарсы сақтық шарасы ретінде әуе дабылы сиреналарын іске қосты. Сондай-ақ армия «білім беру іс-шараларына, бұқаралық шаралар мен жұмыс орындарының қызметіне» тыйым салынғанын жариялады. Әскери мәлімдемеде тек «өміршең маңызы бар секторлардың» бұл тыйымнан босатылғаны айтылды.

Иранның басшылығы нысанаға алынды

Аты-жөнін көрсетпеген АҚШ шенеунігі мен операциядан хабары бар дереккөз АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылға қатысқанын, бірақ қатысу ауқымы әлі белгісіз екенін хабарлады. “Reuters” агенттігіне мәлімет берген басқа бір америкалық шенеунік соққылардың әуеден және теңізден жасалғанын айтты.

Иран мен Израиль өз әуе кеңістігін жапқанын жариялады. Алғашқы шабуылдар Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеидің кеңсесіне жақын аймақты нысанаға алған. 86 жастағы Хаменеидің ол сәтте сол жерде болып болмағаны белгісіз. Бір шенеунік “Reuters-ке” Хаменеидің Тегеран тысындағы қауіпсіз жерге жеткізілгенін білдірді.

Иранның “ISNA” ақпарат агенттігі Израильдің алғашқы соққыларынан Төңкеріс сақшыларының көптеген мүшесі, соның ішінде маңызды жедел қызметкерлердің қаза тауып, жараланғанын хабарлады.

Оқиға нақтыланған сайын қосымша ақпарат беріледі.

Іздеу
Трамп Түркияға бағытталған CAATSA санкцияларын алып тастауға оң көзқарас танытты
Трамп: "Иран мәселесі шешілсе, мұнай бағасы төмендейді"
Шушада Түркия, Әзербайжан және Грузия ынтымақтастығы талқыланды
АҚШ Сирияға қатысты қорғаныс экспортына қойылған шектеулерді жеңілдетті
Президент Зеленскийдің мәлімдемесі Оңтүстік Кореяның наразылығын туғызды
Данияда ауқымды әскери оқу-жаттығу басталды
Ирак елдегі барлық қарулы топты қарусыздандыруды көздейтін жоспар әзірлеуде
АҚШ президенті Трамп Иранның түптің түбінде берілуге мәжбүр болатынын мәлімдеді
Судан сыртқы араласуды тоқтатуға шақырды
Президент Трамп Иран санкцияларына қатысты ақпаратты теріске шығарды
Президент Зеленский Пхеньянның Ресейге қосымша әскер дайындап жатқанын айтты
Президент Ердоған Хендрик Вюстті қабылдады
Түркия, Әзербайжан және Грузия өкілдері Бірлескен кеден комитетінің отырысын өткізді
Иран: «Иранның АҚШ-пен қандай да бір келіссөз жүргізу жоспары жоқ»
Трамп Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атады
Түркия Нетаньяхудың мәлімдемесіне үшінші хатшы деңгейінде жауап берді
Грекия премьер-министрі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясында Түркия мен Грекия арасындағы қарым-қат
Зеленский: «Түркияның үшжақты бейбітшілік саммитін өткізу бастамасын қолдаймыз»
АҚШ президенті Трамп Қытай төрағасы Сиді әуежайда қарсы алды
Ливан президенті Аун Сирия министрлерінен құралған делегацияны қабылдады