ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Стамбул әуежайы үш ұшу-қону жолағымен бір уақытта жұмыс істейтін Еуропадағы алғашқы әуежай болды
«Бұл тек Түркия үшін ғана емес, сонымен қатар Еуропа авиациясы үшін де алғашқы қадам және жаһандық авиацияда маңызды кезең. АҚШ-тан кейін, бұл тәжірибені жүзеге асырған жалғыз ел Түркия болып табылады,' - дейді министр.
Стамбул әуежайы үш ұшу-қону жолағымен бір уақытта жұмыс істейтін Еуропадағы алғашқы әуежай болды
/ AA

 Өткен жылы Еуропада ең көп қызмет көрсеткен екінші әуежай Стамбул әуежайы болатын. Әуежай енді бір уақытта үш ұшу-қону жолағымен жұмыс істей бастады. Осы инфрақұрылыммен Стамбул әуежайы Еуропадағы үш ұшу-қону жолағымен жұмыс істейтін бірінші әуежай және АҚШ-тан кейінгі әлемдегі екінші әуежай болды.

Көлік және инфрақұрылым министрі  Абдулкадир Уралоғлу Стамбул әуежайындағы рәсімде бейсенбіден бастап үш ұшақтың толығымен тәуелсіз ұшу-қону жолақтарында бір уақытта қонуы немесе ұшуы мүмкін болатынын айтты.

Министр Уралоғлу «Бұл Түркия үшін ғана емес, Еуропа авиациясы үшін де алғашқы және жаһандық авиациядағы маңызды кезең. АҚШ-тан кейін Түркия бұл тәжірибені жүзеге асырған жалғыз ел», - деді министр Уралоглу.

Уралоғлу Стамбул әуежайының Түркия үшін маңызды жоба екенін және 2018 жылы 29 қазанда ашылғаннан бері жаһандық көрмеге айналғанын атап өтті.

Министр «Жылына 90 миллион жолаушы тасымалдау мүмкіндігі бар Стамбул әуежайы Түркияны жаһандық авиацияда алдыңғы қатарға шығарды. Миллиондаған жолаушыны қабылдайтын бұл заманауи құрылым Түркияның экономикалық және мәдени қуатын әлемге паш етіп, Түркияның әлем авиациясында жетекші ойыншы болуына үлес қосуда», -  деді.

Еуропадағы ең үлкен әуежай

«Әуежай 2019 жылы бірінші жылын аяқтап, 52 миллион жолаушыны қабылдады және 2023 жылы 76 миллион жолаушыға қызмет көрсетті. Жыл сайын 40 миллион жолаушыға қызмет көрсететін «Ірі әуежайлар» санатындағы Стамбул әуежайы 80,1 миллион жолаушыға жетіп, Еуропада екінші және әлемде жетінші орынға ие болды», - деді министр.

Уралоғлу осы жүйемен Стамбул әуежайының Еуропадағы көшбасшылығының одан әрі нығая түсетінін және Түркияның жаһандық авиациядағы көшбасшылығын тағы да бүкіл әлемге көрсететінін айтты.

Мемлекеттік әуежайлар басқармасының (DHMI) мәліметтері бойынша Стамбул әуежайы 2024 жылы шамамен 80 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл оны Еуропадағы ең үлкен және қызмет көрсету бойынша екінші әуежайға айналдырды.

Сонымен қатар Еуропа Әуежайлар Кеңесінің (ACI) Еуропаның 2024 жылғы Жылдық қозғалысы туралы есебіне сәйкес Стамбул әуежайы «Еуропадағы ең үлкен жүк тасымалдау орталығы» атағына ие болды.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті