САЯСАТ
2 ... минут оқылды
«Бір белдеу, бір жол» жоспары бойынша негіздемелік келісімге қол қойды
Непал мен Қытай «Бір белдеу, бір жол» жоспары бойынша негіздемелік келісімге қол қойды.
«Бір белдеу, бір жол» жоспары бойынша негіздемелік келісімге қол қойды
/ AP
4 Наурыз 2025

Непал «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бойынша Қытаймен негіздемелік келісім жасасты. Непалдың Сыртқы істер министрлігі сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде жеті жыл бұрын қол қойылған алғашқы келісімнен бері ешқандай ілгерілеушілік болмағанын айтты. Бұл жаңа келісім жобалар бойынша ынтымақтастықтың жолын ашады.

Премьер-министр К.П. Шарма Оли шілде айында ант қабылдап, қызметіне кіріскеннен бері алғашқы шетелдік сапарын жүзеге асыру үшін дүйсенбіден бастап Пекинде болды. Дәстүрді бұза отырып, Непалдың ғасырлар бойы тығыз байланыста болған Нью-Делидің орнына алғашқы ресми сапарын Қытайға жасады.

Непал мен Қытай 2017 жылы Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Қытайдың инфрақұрылым және сауда байланыстарын әлеммен кеңейтуге бағытталған «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында алдын ала келісімге қол қойған болатын.

Алайда ынтымақтастық үшін қажетті шеңбердің анықталмауы және Непалдың саяси партияларының ортақ пікірге келе алмауы салдарынан өткен жеті жыл ішінде ешқандай жоба жоспарланбады немесе іске қосылмады.

Қарыз мәселесіне қатысты алаңдаушылықтар

Сәрсенбі күні қол қойылған келісім екі елдің енді жобалардың егжей-тегжейін талқылайтынын, олардың жолды жақсарту мен көлік дәліздерін қамтуы мүмкін екенін және қаржыландыру әдістерінің қалай қамтамасыз етілетінін анықтайтынын көрсетеді.

Осы кезде қарыз мәселесіне қатысты алаңдаушылықтар Олидің коалициялық үкіметінде пікірталас тудырды. Олидің негізгі қолдаушыларының бірі болып табылатын Непал Конгресі партиясы несиелер есебінен қаржыландырылатын кез келген жобаға қарсы шығып отыр.

Непалдың Сыртқы істер министрлігі “X” платформасында: «Бүгін ‘Бір белдеу, бір жол’ ынтымақтастығының негіздемелік келісіміне қол қойылды», – деп хабарлады, бірақ егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.

Қытай Катмандудан шамамен 125 км батыста орналасқан Непалдың екінші үлкен қаласы Покхарада халықаралық әуежай салу үшін Непалге 216 миллион доллар көлемінде несие берді. Бұл әуежай өткен жылы пайдалануға берілді.

Алайда Пекин «Бір белдеу, бір жол» жетістігінің символы ретінде қарастырған бұл Қытай салған әуежай Үндістанның бұл әуежайға ұшатын ұшақтарына әуе кеңістігіне кіруге рұқсат бермеуіне байланысты халықаралық рейстердің жоқтығы сияқты қиындықтарға тап болуда.

Іздеу
Пәкістан Кандагарға соққы берді
Израильдің Газаға жасаған әуе шабуылынан төрт адам қаза тапты
Ердоған Иран мен Ливандағы мектеп пен ауруханаларды нысанаға алған «қанқұмар желіні» айыптады
Басып алынған Батыс Шерияда еврей қоныстанушылар палестиналықтарға шабуыл жасады
Израильдің Газаға жасаған шабуылдарынан алты адам қаза тапты
Түркия  жасанды интеллект қолдауымен жұмыс істейтін камикадзе ҰҰА-сын таныстырды
АҚШ Таяу Шығысқа қосымша әскер мен  кеме жіберуде
Сыртқы істер министрі Фидан әзербайжандық және катарлық әріптестерімен сөйлесті
Түркияны аймақтық "от шеңберден" тыс ұстау — басты басымдық
Израиль Газада үш палестиналықты өлтіріп, атысты тоқтату келісімін тағы бір мәрте бұзды
Түрік кемесі Ормуз бұғазынан өтті
Ираннан Түркияның әуе кеңістігіне атылған баллистикалық оқ-дәріні НАТО зарарсыздандырды
Пәкістан премьер-министрі Сауд Арабиясын «толық қолдауға» уәде берді
Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке "Ататүрік" халықаралық бейбітшілік сыйлығын табыстады
АҚШ-тың әскери ұшағы Ирактың батысында апатқа ұшырады