ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Швейцариядағы тау шаңғысы курортында жарылыс болды
Альпі тауларындағы "Кранс-Монтана" тау шаңғысы курортында жаңа жыл мерекесі кезінде болған өрттен бірнеше адам қаза тауып, басқалары жарақат алды.
Швейцариядағы тау шаңғысы курортында жарылыс болды
Швейцариядағы тау шаңғысы курортында жарылыс болды / AFP
1 Қаңтар 2026

Бейсенбі күні BBC Швейцария полициясына сілтеме жасап, Швейцариядағы Кранс-Монтана тау шаңғысы курортындағы барда болған жарылыстан бірнеше адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алғанын хабарлады.

Полиция «BBC»-ге жарылыс Constellation деп аталатын барда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 1:30-да (00:30 GMT) болғанын хабарлады.

Швейцарияның жергілікті БАҚ-тары Вале полициясына сілтеме жасай отырып, жарылыстан кейін өрт шыққанын және оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жіберілгенін хабарлады. Билік жарылыстың себебі тергеліп жатқанын мәлімдеді.

Полицияның мәлімдеуінше, Швейцарияның әйгілі, әрі қымбат шаңғы курорты Кранс-Монтанада жаңа жыл түні адам көп жиналған барда шыққан өрт салдарынан көптеген адам қаза тауып, бірқатары жарақат алды.

Полиция Швейцарияның оңтүстік-батысындағы Вале кантонында туристер көп жиналатын барда, жаңа жылды қарсы алу кезінде себебі әзірге анықталмаған өрт шыққанын хабарлады.

Ресми мәлімдемеде “Көптеген адам көз жұмды, өте көп адам жарақат алды”, - деп айтылып, оқиғаның “өте ауыр” екені атап өтілді және төтенше жағдай қызметтерінің жұмысы жалғасып жатқаны мәлімделді.

“Полиция, өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері дереу оқиға орнына жіберіліп, зардап шеккендерге көмек көрсетілді”, - делінген хабарламада. Құтқару жұмыстарының әлі де жалғасып жатқаны айтылды.

Швейцарияның “Blick” газеті оқиға орнында болған дәрігерге сілтеме жасап, ондаған адам қаза тапқан болуы мүмкін екенін жазды. Аймақтық “Le Nouvelliste” басылымы да дереккөздерінің «өте ауыр шығын» туралы айтқанын, шамамен 40 адамның қаза тауып, 100-ге жуық адамның жараланғанын хабарлады.

Швейцария медиасында жарияланған видеолардан бір ғимараттың жанып жатқанын, адамдардың айқайлап қашып бара жатқанын көруге болады.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары өрт концерт кезінде қолданылған пиротехникалық құралдардан шығуы мүмкін деп болжағанымен, полиция өрттің нақты себебі әлі белгісіз екенін мәлімдеді.

Полиция өкілі Гаэтан Латион бұған дейін “AFP” агенттігіне берген сұхбатында алдымен себебі белгісіз жарылыс болғанын айтқан. Оның сөзінше, жарылыс жергілікті уақытпен сағат 01:30-да, жаңа жылды қарсы алу үшін 100-ден астам адам жиналған “Le Constellation” атты барда болған.

Жарылыстан бірнеше сағат өткен соң “AFP” тілшісі Кранс-Монтанаға апаратын жолда көптеген жедел жәрдем көлігін көрген. Полиция бұл аумақтың толықтай жабылғанын және ұшуға тыйым салынған аймақ ретінде жарияланғанын хабарлады.

Іздеу
36 мыңнан астам америкалық Таяу Шығыстан эвакуацияланды
Ираннан Түркияға бағытталған баллистикалық зымыран атып түсірілді
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасына алты «F-16» жойғыш ұшағын орналастырды
АҚШ соққы берген кемеде 104 ирандық сарбаз қаза тапты
Израиль Иранмен кемінде бір айға созылатын соғысқа дайындалуда
Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды
Нетаньяху Иранға қарсы соғысты қарқынды түрде  жалғастыратынын мәлімдеді
Ресей бір аптада Украинаға жүздеген шабуыл жасады
Ослодағы АҚШ елшілігінде жарылыс болды
Ирандағы бейбітшілік процесінің кешігуі жаһандық тұрақтылыққа зиян келтіруі мүмкін
Ердоған Барзанимен аймақтық шиеленіс пен террор қаупін талқылады
Иран америкалық әскерлерді тұтқындағанын мәлімдеді
Иран басшысы берілмейтінін мәлімдеп, көрші елдерден кешірім сұрады
Ердоған мен Мелони Таяу Шығыс дағдарысы өршіген тұста аймақтық шиеленісті талқылады
Түркия Таяу Шығыстағы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қадам басуда