ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Денсаулық сақтау қызметкерлері Папуа-Жаңа Гвинеяда полиомиелиттің өршуі туралы хабарлады
Папуа-Жаңа Гвинеяның Денсаулық сақтау министрі Элиас Капаворе «Жағдай ауыр, бірақ басқаруға болады» деді.
Денсаулық сақтау қызметкерлері Папуа-Жаңа Гвинеяда полиомиелиттің өршуі туралы хабарлады
/ Reuters

«Папуа-Жаңа Гвинеяда полиомиелиттің өршуі жарияланды және вакцинация деңгейі төмен елде бұл аурудың таралуы алаңдаушылық тудырды», ˗ деп хабарлады Денсаулық сақтау қызметкерлері.

Негізінен канализация мен ластанған су арқылы таралатын полиовирус өте жұқпалы және өлімге әкелуі мүмкін ауру.

Бұл вирус деформациялар мен сал ауруын тудыруы мүмкін. Әдетте бес жасқа дейінгі балаларға әсер етеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, вирус Тынық мұхитындағы елдің астанасы Порт-Морсби мен оның екінші үлкен қаласы Лаеде ағынды су мен қоршаған ортадан табылған.

Папуа-Жаңа Гвинеядағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Севил Гусейнованың айтуынша, Лаедегі екі балада полиовирустың 2-ші типті штаммы анықталды.

Гусейнова «Балалар арасында вирустың жұғуы полиомиелит эпидемиясын тудырды»,- деді.

Ал Денсаулық сақтау агенттігі «Расталған індетке байланысты алаңдап отырмыз»,- деді.

Генетикалық тестілеу Папуа-Жаңа Гвинеяда анықталған полиомиелит штаммы Индонезияда таралған штамммен байланысты екенін көрсетті.

Папуа-Жаңа Гвинея 2000 жылы «полиомиелиттен арынған» деген сертификатқа ие болды, бірақ ДДСҰ мәліметтері бойынша, балалар арасында вакцинация деңгейі 50 пайыздан төмен.

«Полиомиелит өте жұқпалы ауру және полиомиелитке қарсы вакцинация деңгейі төмен елді мекендерде вирус бір адамнан екінші адамға тез жұғады», - деді Гусейнова.

Папуа-Жаңа Гвинеяның Денсаулық сақтау министрі Элиас Капаворе жағдайдың ауыр, бірақ басқаруға болатынын айтты. «Біз мұнымен бұрын күрескенбіз және не істеу керектігін білеміз. Вакцинация қауіпсіз және тиімді, біз балаларды қорғау үшін жылдам әрекет етеміз», - деді ол журналистерге.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді