ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
АҚШ Таяу Шығысқа қосымша әскер мен кеме жіберуде
Жапонияда орналасқан «USS Tripoli» кемесі мен оның бортындағы сарбаздардың Таяу Шығысқа қарай жолға шыққаны хабарланды.
АҚШ Таяу Шығысқа қосымша әскер мен  кеме жіберуде
АҚШ Таяу Шығысқа қосымша әскер мен кеме жіберуде / Reuters

«Wall Street Journal» басылымының мәліметінше, Пентагон Иранның Ормуз бұғазындағы шабуылдарын жиілетуіне байланысты Таяу Шығысқа қосымша әскери кеме жіберу нұсқасын қарастыруда.

Хабарда АҚШ-тың үш лауазымды тұлғасына сілтеме жасай отырып, Қорғаныс министрі Пит Хегсеттің АҚШ Орталық қолбасшылығынан (CENTCOM) келген сұранысты мақұлдағаны айтылады. Бұл сұраныс әдетте бірнеше әскери кеме мен 5 000 теңіз жаяу әскерінен тұратын Амфибиялық жедел топ пен оған қарасты Теңіз жаяу әскерінің экспедициялық бөлімшесіне қатысты.

Шенеуніктердің екеуі Жапонияда базасы бар «USS Tripoli» кемесі мен онымен бірге теңіз жаяу әскерлерінің Таяу Шығысқа қарай аттанғанын растады. Сондай-ақ олар Иранға қарсы жүргізіліп жатқан соғыс аясында аймақта қазірдің өзінде АҚШ-тың теңіз жаяу әскерлері бар екенін атап өтті.

Пентагон «Анадолы» агенттігінің осы мәселеге қатысты сұрағына алдағы әскери орналастыру жоспарлары туралы түсініктеме беруден бас тартты.

Қорғаныс министрі Хегсет бұған дейін жасаған мәлімдемесінде Иранмен арадағы соғыс Ормуз бұғазының ұзақ уақыт жабық қалуына әкеледі деген қауіптерді жоққа шығарды. Хегсет Иранның Ормуз бұғазындағы әрекеттерін «толықтай шарасыздық» деп атап, бұл жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын және алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді.

Бұғаздың қашан толықтай қайта іске қосылатыны туралы сұраққа Хегсет кемелердің өтуіне кедергі болып тұрған жалғыз нәрсе Иранның кемелерге оқ жаудыруы екенін айтты.

«Біздің кез келген жағдайға арналған жоспарымыз бар. Ведомствоаралық серіктестерімізбен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Коммерциялық тауарлар ағынының тоқтап қалуына немесе бұл бұғаздың даулы аймақ болып қала беруіне жол бермейміз», — деді министр.

Іздеу
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Зеленский Ресейді айыптады
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
БҰҰ-ның жаһандық кедейлік индексі алғаш рет өсті: 1,2 миллиард адам - кедей
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді